Сынсу (исполнитель: Жайна)

Құлынтайдай жетелеп,өсірдің әке мәпелеп,
Кем қылмадың қатардан,жан Әке сізге ахоу рахмет.
Есіктің алды-ау ақ қайың,қайыңды қайтіп аттайын?
Еркелеткен Анамның ақ сүтін қайтіп ахоу ақтайын.
Есіктің алды-ау қос терек,жапырақ шығар күлтелеп,
Ата-Анамның алдында жүруші едім ахоу еркелеп.
Әуеде торғай толып жүр,бауырым оны қорып жүр,
Соңымнан ерген бауырлар сағындырмай ахоу,апта сайын келіп жүр.
Базардан келген кеселер,шәй самаурын еселер,
Қызым,қызым деуші едің қош аман бол ахоу көрші отырған шешелер,Шешелер...
Есіктің алды-ау қарағаш,қабығын ал да малға шаш,
Жанымдай көрген жан апам,аптада келіп ахоу амандас.
Базардан келген белдемше,көруші едім өзгеше,
Қайын сіңілім деуші едің ,қош аман бол ахоу Жеңеше.

Базардан келген орамал,шәй қорғасын оралар,
Күліп-ойнап жүріскен,қош аман бол ахоу Ағалар.
Базардан келген құйысқан,тарамай шашым ұйысқан,
Келіп те кетіп жүріңдер,сағындырмай ахоу Туысқан.
Ауада ұшқан ақ сұңқар,қанатымен жер сипар,
Өз үйімнен кеткен соң,маңдайымнан ахоу кім сипар.
Әуеден ұшқан бозторғай,мойынды жүнің бос болғай,
Жат жұртқа кетіп барамын,ел жұртым енді ахоу қош болғай.
Есіктің алды-ау жас қайың,жапырағын баспайын.
Бұл үйден аттап шыққан соң,еркелікті ахоу тастайын,тастайын.
Еркелікті ахоу тастайын!...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Квитка  DMX Damien III  Snoop Dogg Stoplight  Вместе на всегда кравц  Напутствие 2-ая версия Guf 
О чем песня
Жайна - Сынсу?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен