Жалған 2 (исполнитель: QaraKesek,Бахтияр Зияуов )

Алмасып кетті сезімің өзге біреуге қалайша,
Қазіргі ойым бұрынғымен қарама-қайшы.
Сен мені танымайсың, мен өзге адамдаймын,
Сенің көздерің маған қарамаса, бәлкім, алданбаймын.
Жәннатты армандайтын күнаһар сормаңдаймын,
Өз-өзімде адастым, мен қалың тұмандаймын.
Көздерім байланғандай түк көрмей қалғандаймын,
Бір биік төбеден құлайын деп тұрғандаймын.
Сен кейде уайымдайсың ба қалғандай жалғыз,
Жалғыз жандар ол – жетімдер, ал біз бақыттылармыз.
Кімге өкпелейсің, неге өкпелейсің,
Бәрі бітуге айналғанда, неге «Бітпе» дейсің, с*ка?
Білмедім саған не қымбат екенін,
Білмедім, санаңа жете ме, жетпей ме, әйтеуір.
Бірте-бір жоғалып кетеміз бәрібір,
Әділ өмір сүр, болма әбігер қу дүниемен.

Қ-сы: (х2)
Жалған, бәрі жалған,
Бес күндік мынау ғалам.
Сені бір көру – мен үшін болды арман.

Жалған, бұл өмірде бәрі жалған,
Мәңгі бірге болуды Тәңір бізге жазбаған.
Мәңгі бірге боламыз деген жандар қайда,
Бейтаныс жандардай бір-бірін танымаған.
Не деген жалған бізді алдаған,
Сынақтармен біздерді сынап қоймаған.
Қаншама-қаншама ғашық жандар болса дағы,
Олар мәңгілікке бір болуды армандаған.
Ғашығым, арманым, жалғызым – сен деп едім,
Бұлай басқамен кетеріңді мен білмедім.
Аспанда қалықтап ұшқан сен көгершіндейсің,
Қайта оралуды сен неге көздемейсің?

Қ-сы: (х2)
Жалған, бәрі жалған,
Бес күндік мынау ғалам.
Сені бір көру – мен үшін болды арман.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Saint Etienne Mr Donut  И снова я тебя ненавижу  Sepultura cut-throat  Кукрыниксы как твои  Louna проснись  Быть только твоей  Минае день  Папа я гей 
О чем песня
QaraKesek,Бахтияр Зияуов - Жалған 2 ?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен