қайырлы түн тілейм (исполнитель: QaraKesek)

Қайырлы түн

Күн-түн алмасып,
Өмір жалғасып жатыр ма?
Бақытың жақын ба?
Бәрін алмасын ажал жармасып
Өте жақыннан, өте жақыннан.
Айта алмай айтылмаған сырың бар шығар,
Куә болады көзіңнен аққан тамшылар.
Ұйықтамай атырған таңдарың көп болар,
Олай жалғасса, жүрегің өрт болар.

Қ-сы:
Жаным, қайырлы түн,
Қайырлы түн тілейм!
Қайырлы түн, қайырлы түн тілейм!

Ұйықта, жаным, ойлама өтіп кеткеніңді,
Ойлама өткен көктемді, көрсетпе өкпеңді.
Қайырлы түн тілейм!

Жаныңды өткендер қинамасын,
Көңілің қирамасын, естисің бе?
Қоңыр күз құбылтты мінезді,
Жоғалтпа лезде жарық күніңді.
Сыбырлатпа нәзік үніңді.

Қ-сы:
Қайырлы түн тілейм,
Қайырлы түн, қайырлы түн тілейм.
Ұйықта, жаным,
Қайырлы түн, қайырлы түн тілейм.
Қайырлы түн, қайырлы түн тілейм.
Ұйықта, жаным.

Бізді қосып-айырған не деп ойлайсың,
Тағдырдан көруіңді неге қоймайсың, а?
Өмір заңы қатал болса, бола берсін,
Сен жылы бол, артыңда қала берсін.
Өткен өмірің, өткен шақтағы адамдар,
Бәрі алдайды, болашақ деген бар.
Соған ұмтыла бер, қайғыдан құтыла бер,
Жайменен ол да ұтыла береді.

Ал сен қайтарып бер менің жүрегімнің кілтін...
Жүрегімді ашайын, өзге біреу кірсін...

Айта алмай айтылмаған сырың бар шығар,
Куә болады көзіңнен аққан тамшылар.
Ұйықтамай атырған таңдарың көп болар,
Олай жалғасса, жүрегің өрт болар.

Жаным, қайырлы түн!
Қайырлы түн, қайырлы түн тілейм!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
George El Rassi  Starish rainbow dream  Ookami kodomo no ame to yuki  Prima dragoste  Антон макарский о тебе  Douwe bob  Ника ленина  Nintendo- черный пистолет 
О чем песня
QaraKesek - қайырлы түн тілейм?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен