Жаңбырлы күз [2016 ] (исполнитель: Мейрамбек Бесбаев & Мәдина)

ЖАҢБЫРЛЫ КҮЗ...

Күзгі аспан жасын селдетеді,
...Өзгеше өмір ең сен.
Жанымды бір күй тербетеді,
Жарқыным, сені көрсем.

Тербеткен жанды қандай сөзің,
Түскенде көңіл, еңсем. 
Бір ғажап, шіркін, балдай сезім, 
Баурайды сені көрсем.

Қ-сы:

Сені ойлап балғын ғұмыр кештім,
Сені ойлап тағдыр мұңын кештім. Сені ойлап... сағынышым менің,
Жабыққан жанның күнін кештім.

Түнеріп тағы гүлсіз дала,
Жылайды жаңбырлы күз.
Қоштасып едік үнсіз ғана,
Жазғырмай тағдырды біз.

Қараша күз ғой бəрін білген,
Қарайды көз мұңайып.
Тағдырға іштей бағындым мен,
Таба алмай сөзді лайық...

Қ-сы:

Сені ойлап балғын ғұмыр кештім,
Сені ойлап тағдыр мұңын кештім.
Сені ойлап... сағынышым менің,
Жабыққан жанның күнін кештім.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Тупи ту пиду Бэби ВуВу  Ой люба  Сенокос Акварели  Рус Rap Guler  Фактор лишь для тебя  Курнавин константин  Sim-Gretina-feat-Nowacking-When-The-Bass-Drops  Аквариум радость 
О чем песня
Мейрамбек Бесбаев & Мәдина - Жаңбырлы күз [2016 ]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен