Махаббат жыры (исполнитель: Қанат Үмбетов & Әлия)

Серігім, сенерім, сырыңа егемін,
Сүрінбе сен өмірде.
Жанымда жүрші өзің,
Жаным-ау бұл сезім жүректің тереңінде.

Мен үшін өмір өзің,
Мен аққу, көлім өзің.
Сезімге толы көзің ұнайды.
Алқынған жанымбысың?
Алтыннан қадірлісің.
Ұнайды маған сенің,
Салмақты сабыр күшің.

Қырдағы гүлмісің, сырғалы күнбісің,
Жырдағы жыр құсым ба?
Шарықтап өмірде, қалықтап көгімде,
Қалайсың бірге ұшуға.

Мөлдір көз дара ботам,
Мөлдіреп қара ботам.
Мінезің анама тән, ұнайды.
Торласа санамды мұң,
Әніме салам бүгін.
Ұнайды маған сенің ақкөңіл адалдығың!

Тағдырым таңдағасын, таңдауға жар боласың,
Ақ арман алдамасын, асылым.
Күн кешіп мамыражай,
Сағынып сәл ұзамай,
Бақытты күн кешейік арамыз ажырамай!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Starsailor Counterfeit Life  Starsailor In My Blood  Starsailor Faith Hope Love  Starsailor Way Back Home  Starsailor Keep Us Together  Starsailor Get Out While You Can  Starsailor This Time  Starsailor White Light 
О чем песня
Қанат Үмбетов & Әлия - Махаббат жыры?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен