Алыстады арамыз ❤ (исполнитель: BaGi x L-TRACK PRO mc Maks)

Алыстады арамыз

Қиялға берілмеймін, шындықпен өмір сүремін,
Келмеске кетіп едің, неліктен сені күтемін.
Ешқашан көгермейді “махаббат” атты көктемің,
Бояуын өзгертіпті ақ-қараға деп білемін.
Жүректің жартысын өзіңменен алып кеттің,
Күзде ұшқан құстардай қай жағаға ұшып жеттің?
Қария күткендей жастығын көктемді күтемін,
Жылыса жағалауым ұшып келер деп сенемін.
Жартылай соққан жүректің жағдайы қиын,
Босады өзіңсіз суық қабырғалы үйім.
Сезінген менің күйім беймәлім өзгелерге,
Таптама жүрегімді, аяқпен езбелеме.
Бауыр бастым саған, үйреніппін өзіңе,
Шексіз қарай беремін суреттегі жүзіңе.
Қоярға жер таппаймын шырылдаған жанымды,
Ұйқысыз қарсы алдым келесі бір таңымды.

Қ-сы:
Қасымда жоқсың сен, мен сені іздедім,
Өзіңсіз сарғайған, мұңайған күздеймін.
Қалайша, білмеймін, алыстады арамыз,
Бөліндік екіге, айрылысып барамыз.

Тағы да атты таң, тағы да бозарып,
Ұйқысыз өткен түн, кеш батты қызарып.
Адамдар қозғалып, көшелер шуылдауда,
Отырмын қамалып, қан тамырым зуылдауда.
Іздейді сыңарын сол баяғы жарты жүрек,
Жарты жүрек те қалды ғой бүктеліп.
Қарамай басқаға көзімнен жас тамады, 
Ыстықсың сен маған, жүрегімді қинама.
Мұңайған сол күз, ызғарлы қара қыс,
Өзгеріп, бәлкім, бәрі де, қосылармыз қайта біз.
Үмітті үзе алмадым, жүрегімде сақтадым,
Мен үшін маңызы зор бірге жүрген шақтардың.
Оралшы бағыма, жылытайын жанымды,
Өзіңді құшақтап атырайын таңымды.
Өміріме өзгеріс енгізші қайтадан,
Болшы мәңгі жанымда, мен сенен сұранам.

Қ-сы:
Қасымда жоқсың сен, мен сені іздедім,
Өзіңсіз сарғайған, мұңайған күздеймін.
Қалайша, білмеймін, алыстады арамыз,
Бөліндік екіге, айрылысып барамыз.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Про связистов Песня  Дождь assa  Два хода  Домино-Дай мне шанс  Вера Полозкова - Полечка  Time Lord and the TARDIS магнуссен  Shon mc jadidon 
О чем песня
BaGi x L-TRACK PRO mc Maks - Алыстады арамыз ❤?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен