ЖАСЫРУ КИЫН 2 [2016] #44 (исполнитель: АзатЖАН)

Жасыру қиын 2

Жанарыңа жиналған жасыңды сүртіп таста,
Өзіңді қинама, болды енді күліп баста.
Сен күлсең, нұрланасың, күлші енді осы бастан,
Әнім бітер емес, заебал дейтін шығарсың, а, осы қасқа.
Білмеймін, не болғанын екі ара,
Сен мені шақырсаң, ойлайсың ба жетіп барам?
Ары қарай қинамашы, онсыз да жетер жара,
Білесің ба сені ойлауды миыма еттім харам.
Құдайым кешірмесін, сені сүйген күнә болса,
Мені кешіріңдер, алдарыңда кінәм болса.
Қайтеміз, екеумізді бөлінетін жолда қосса,
Қайтеміз, алдымызда сайқымазақ бақыт тосса?
Қайтесің мені, мені сау қып жүрген жай ғана адамым,
Алдымда мақсатым бар: бақытты қылу анамды.
Болғаны сол ғана, сен тізімнен шығып кеткенсің,
Кешірші, бәлкім енді өмірімнен сызылып кетерсің.

Қ-сы:
Жасыру қиын сені жүрегімнен,
Сағындым, қайтейін, амалым не,
Білесің бе, жалғыз менің арманым не?
Ол – сен, ол – сен!
Жүректе болады махаббат сонау,
Сен де ұмытпа, өтінем.

Сабыр сақтағаным үшін мен, бәлкім, кінәлімін,
Екеуміз таза болсақ, тауып берші кінәліні.
Тағдыр ма немесе адам бар, тағы сұрасаң,
Айдаладағы біреуді саусағыңмен көрсете сал.
Өтіп кеткен күнде сенің, айтшы, өкпең бар ма,
Алдағы күнде енді бұрынғыдай көктем бар ма?
Арман артта қалды, болып ол өткен арман,
Сөзім шығын болмаса, түзел, сөзім өтсе ардан.
Құлыпталған махаббаттың, айтшы, кілті кімде,
Менде, сенде, кімде, білмеймін.
Қайдан іздеп тапсам болады, айтшы, бір жауабын,
Сүйемін сені көп уақыт өтсе де, осындай саған хабар.
Алдыңа тіке қара, алдағы өміріңе,
Маған алаңдама, қарама көңіліме.
Мен жалғыз қала бердім сезімді ішке жұтып,
Жасыру қиын, қайтем, амалым не?

Қ-сы:
Жасыру қиын сені жүрегімнен,
Сағындым, қайтейін, амалым не,
Білесің бе, жалғыз менің арманым не?
Ол – сен, ол – сен!
Жүректе болады махаббат сонау,
Сен де ұмытпа, өтінем.

Жасыра алмадым саған деген сезімді,
Тыққылап ішіме, жүрегім езілді.
Қиын, өте қиын, сезесің бе мені,
Сені сүйем, сен сүйме мені, мейлі?

Қ-сы:
Жасыру қиын сені жүрегімнен,
Сағындым, қайтейін, амалым не,
Білесің бе, жалғыз менің арманым не?
Ол – сен, ол – сен!
Жүректе болады махаббат сонау,
Сен де ұмытпа, өтінем.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Alice Cooper Steal That Car  Alice Cooper Six Hours  Alice Cooper Your Own Worst Enemy  Alice Cooper Zombie Dance  Alice Cooper Stand  Alice Cooper Bad Place Alone  Alice Cooper Unholy War  Alice Cooper Lullaby 
О чем песня
АзатЖАН - ЖАСЫРУ КИЫН 2 [2016] #44?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен