Аққуым аспанда емес, жер бетінде [Turkvizyon] (исполнитель: Ерген Айтымбетов (Сөзі: Жұбан)

Аққуым аспанда емес, жерде менің,
Әнінен тоқсан толқып тербелемін.
Келгенде шынтуайтқа, көзбе-көзге,
Секілді көктен алыс жер дегенім.

Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап келбетінде.
Сол болып шырт ұйқыдан оятады
Мазасыз таңда бұлбұл, жел де түнде.

Солардың ұйып тыңдап тынбас әнін,
Сарылып түнмен, таңмен сырласамын.
Кетеді асықтырып таң да, түн де
Дүниеде жүрсің бе деп мың жасармын.

Қайтейін, төзем тағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жел бетіне.
Дауысын жүрегімнің бір есітер,
Әндетіп жүрсе болды жер бетінде.

Жұбан Молдағалиев
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Перечеркнуть  Приезжают  Каста-сочиняй мечты  Приляг  Mina nessuno  Jane air мессалина  Потап и настя-лил дождь 
О чем песня
Ерген Айтымбетов (Сөзі: Жұбан - Аққуым аспанда емес, жер бетінде [Turkvizyon]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен