Құдаша кыз (исполнитель: Айгерим Калаубаева & Ерболат Толегенов - Кудаша)

Келші, келші, бермен келші,құдаша,
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса.
«Кетші әрмен» деп ұрса ма деп зәрем жоқ,
Не де болса шығып кетші оңаша.

Құда бала айналайын абайла
Біздей қыздар оңайлықпен қарай ма
Көңілімді тапқың келсе егер де
Алдыменен арықташы жарай ма?

Ыхыхых Дедім-дағы қысып қалдым көзімді,
Жерге тастап кете ме деп сөзімді.
Елжіреген жас жүректе зәре жоқ,
Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді.

Қайта-қайта қыса берме көзіңді
Жігіт деген болу керек төзімді
Басың барда мойының жоқ қайтейін
Допқа ғана ұқсатамын өзіңді

Құдаша қыз қарынымыз шүйелмек
Көріп тұрсыз жан емеспін күйім жоқ
Қарынымда қиым болса қаншалық
Басымда да соншалықты миым көп
 
Құда бала сөйлесеңші ойлана
Семіздікті көтереді қой ғана
Дәмесі бар дәрмені жоқ жігіттің
Ойланбастан отты басып ойнама

-Құдаша қыз еркелейсің балаша
-Құда бала өкпелеме сен аса
-Екеуміздің әзіліміз жараса
-Жүрейікші бұл өмірде тамаша
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Corner  Нет не хочу  И только любовь поможет верь и жди  Balkan  Animal Collective Guys Eyes 
О чем песня
Айгерим Калаубаева & Ерболат Толегенов - Кудаша - Құдаша кыз?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен