Аяқталған ертегі (B-RAY prod) | .com/amangeldiev_bagi (исполнитель: BaGi)

Аяқталған ертегі

Қ-сы: (х2)
Кім кімді кінәлайды, кім кімнен айып табар,
Ертегі – ертегі ғой, ертелі-кеш аяқталар.
Жүрекпен ойнай берме, ол маған әлі керек,
Тең теңімен өзіне лайықтысын іздеп табар.

«Сүйем» деген сөздерің жалған болды ғой, қайран,
Ойып тұрып күйдірген кеудеде тұр ғой жара.
Белгісіздік бағыты, мен онда жалғыз барам,
Уланыпты өзіңе жүрегім және санам.
Қыстан соң көктем келіп, оралды ұшып құстар,
Мезгілдер ауысуда, жанымда салқын ызғар.
Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден тым айырған,
Жүрегіме тым жақын жылатқан мені қыз бар.

Қ-сы: (х2)
Кім кімді кінәлайды, кім кімнен айып табар,
Ертегі – ертегі ғой, ертелі-кеш аяқталар.
Жүрекпен ойнай берме, ол маған әлі керек,
Тең теңімен өзіне лайықтысын іздеп табар.

Биік құздан құлаттың, көрдің бе мендік күйді,
Санама жеткені көп, ойларым өрнек түйді.
Аузы күйген үрлеп ішер, менің ерінім күйді,
Жанып тұрған от едің, жалынды жаным сүйді.
Естідім салқын үнді, сен бе деп елеңдедім,
Қажет пе жаным менің, қия салдым, саған бердім.
Ойлап ем теңім бе деп, ойымнан қате кетті,
Махаббат ертегі ғой, ертегі енді бітті.

Қ-сы: (х2)
Кім кімді кінәлайды, кім кімнен айып табар,
Ертегі – ертегі ғой, ертелі-кеш аяқталар.
Жүрекпен ойнай берме, ол маған әлі керек,
Тең теңімен өзіне лайықтысын іздеп табар.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Кто там а 4  Alya djey - лабиринт  Шри хрим  Bando  Милый котик  Злой хер  Будь здоровым  Тукта тукта 
О чем песня
BaGi - Аяқталған ертегі (B-RAY prod) | .com/amangeldiev_bagi?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен