Әйелдер | .com/uysozder (исполнитель: Данияр Рахметжанов)

Емеспін әйелқұмар немесе Алдаркөсе,
Таң қаларсың тоғыз әйел алдым десем.
Бірінші әйел ұзын бойлы әрі әсем
Отыз екі тіс көрінер сәл ғана күлсе
Көркіне сөз жоқ,алай да бір-ақ нәрсе
Тұралмас алтын,я жылтырақ көрсе
Енді міне әйел де жоқ, қалта тесік
Түсінерсің мені егер басқа келсе
Екінші әйел кем емес асып түссе
Болып шықты жеңілтек, баққан өсек
Қандай жігіт төзе алар мұндай жарға
Сүйген әйел өзгелермен болса төсек

Үшінші қателеспеймін салақ десем
Таң қалармын шашынан,тарақ өтсе
Аруларға жарасар сырға,алқа
Ал тазалық қыз үшін басты нәрсе
Төртінші әйел әдемі,сұлу,көркем
Алай да шылымның түтініне толы өкпе
Сырты бүтін  іші түтін деген осы
Одан шығар қандай сәби, қандай бөпе,
Бесінші,ұрысқақ сәл бірдеме десең
Сылдыралап ыдыс-аяқ,сынар кесе
Тастап кетер соттасып, ажырасып,
Басыңа күн туып сынақ келсе.

Алтыншы еркектен үлкен алты есе
Мұрыныңды бет қылар сәл артық кетсең 
Қара пояс каратэ,алтын күрестен,
Әлі де кетер емес жұдырық естен.
Жетінші бай, алып-ал ақша сүйсең
Қажет емес жұмыс,баспана несие
Бәрібар не жеймін,не кием десең,
Егер де күшік күйеу болып еңкие берсең
Сегізіншісі сараң,қызғанар қонақ келсе,
Кіргізбес тума-туыс,сыйламас әке-шеше
Демей ме гүл өссе жердің көркі, ендеше
Не болмақ елдің көркі мұндай қыздар өссе.

Тоғызыншы басқалардан болды өзге
Икемді әрі адал әрбір іске,
Инабатты,ибалы,кішіпейіл
Жар іздесең міне осындай қыздан ізде
Ал егер тапсаң онда үміт үзбе,
Жылыта біл қыста,сарғайтпа күзде
Мәпеле,аяла алақанда,
Лайықта жарға бола біл лайық сен де.
Тоғыз әйел шықты барлығын санап өтсем
Қуанар ем қыздарым осыны сабақ етсе
Болашақ жар тоғыздан үлгі алсын,
Ренжімеңдер ендеше қатты кетсем.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Свежий Ветер Краеугольный камень - Свежий ветер  Тбили теплый спи спокойно  Влюбиться в тебя по щелчку  Коза-дереза переделка НОВОГОДНЯЯ КОЗА  Звездная ночь Марина Журавлева  Горький вкус сладких губ  N1NT3NDO - Инь Янь  Ай я попадаю в рай 
О чем песня
Данияр Рахметжанов - Әйелдер | .com/uysozder?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен