Озгермеймин [2016] (исполнитель: Куандык Рахым)
"Өзгермеймін" Әні: Марат Балмырза Сөзі: Айжан Табарак Үнсіз қалсам мен жырақтағаным емес, Айта алмағанымның жанарымда ғой бәрі. Жалғыз қалсам мен ұнатпағаным емес, Ойлаймын ғой сені, ойлаймын ғой жаным ! Қайырмасы: Өзгермеймін, өзгере алмаймын бағым, Мен осылай жаратылған жанмын. Сүйемін сені, сенсің ғой барым-барым. Осы күйімде сүйе біл сен де жаным. Қолдамайсың ба, қорғамайсың ба сөзден, Қайта арманымның жұлдызын бірге жағып. Өкпелей бермей, өзгешелерден өзгем, Тырыспадың ба, жанарымнан танып.