тәуелсіздік (исполнитель: Сымбат Рахманбердиева)

Тәуелсіздік
Сөзі: Саттар Қуашбаев пен Базарбек Түкібаевтікі  
Әні: Айжігіт Асановтікі
-1-
Е-е-е-ей,
Айтатын елге сөзім бар,
Жақсыны көрер көзің  бар.
Тәуелсіз елдің жемісін,
Тойлайтын міне кезің бар.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік,
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектің күшімен,
Келгендігін жас ұрпақ
Ойлайтұғын күн бүгін.
Тәуелсіздік тәуелсіздік 
Атамыздың арманы.
Бабамыздың ардағы.
Тәуелсіздік таңдарын,
Тойлайтұғын күн бүгін.
Қ-сы.           Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Ата-баба алдында,
Ақталатын күн бүгін.
Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Мәңгі -бақи жүректе,
Сақталатын күн бүгін.
-2-
Е-е-е-ей,
Бүкіл әлем мойын бұр,
Айтатұғын ойым дүр.
Халық болып тойлайтын,
Қазыналы тойың бұл.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік,
Қыран құсы қалықтап,
Құт, қасиет, дарып бақ,
Арттан ерген сан ұрпақ,
Ту алатын күн бүгін.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік,
Ұландары ер жүрек.
Көк байрағы желбіреп,
Барша халқы елжіреп
Қуанатын күн бүгін.
Қ-сы.            Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Қуанышты қойныңнан,
Ақтаратын күн бүгін. – 2 рет

-3-
Е-е-е-ей,
Айтатын елге сөзім бар,
Жақсыны көрер көзің  бар.
Тәуелсіз елдің жемісін,
Тойлайтын міне кезің бар.
Қ-сы:                                Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Ата-баба алдында,
Ақталатын күн бүгін.
Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Мәңгі -бақи жүректе,
Сақталатын күн бүгін.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Scream and shout Britney Spears will I am  Денис rider -не был  Батькова криниця Павло Доскоч  Петросян песня  2 КВ-2  Война все спишет  Иван купала стол  Boleros 
О чем песня
Сымбат Рахманбердиева - тәуелсіздік?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен