Ғашық па едің? (исполнитель: Ақберен Темірғали)

Ғашық па едің? 
Ғашық болып қала бергін,
Ғашықтықтан есіңнен тана бергін.
Бірден барып жаныңа қонбағанмен,
Бір күні гүлімді ұстап барар едім.

Неге сонша асықтың бақытыңа?
Сәл күткенде қасыңнан табылар ем.
Тауып алған әлжуас, бейшараңды
Сен болмасаң, бір ұрып талдырар ем.

Не таптың сол біреудің құшағынан?
Бақытыңды жылауменен өлшедің бе?
Секірем деп сезімнің ұшағынан,
Қара жерге жете алмай шөлдедің бе?

Қорғаны жоқ қамалдың ішіндесің,
Сұлуым-ай, 
Әлі соны сезбедің бе?
Қанаты жоқ қыранның үстіндесің,
Құлайсың ғой,
Әлде соны көздедің бе ?

Көздеріңе қарасам мұңды көрем,
Бұлбұлы бар ішінде торды көрем.
Жылай-жылай қызарып қансыраған
Көздеріңнен қараңғы жолды көрем.

Сені қалай қорғайды анау қасқа,
Табыстың сен қайтадан тағы босқа.
Мен білетін, мен көрген марал бөлек,
Бүгінде сол маралым мүлдем басқа.

Өзгердің танымастай өзге жанға,
Мінезің жан қызығар ашық еді. 
Қырсығым-ай, сол кезде сен ұнатқан,
Сол бір жан өзіңе де ғашық еді...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Crystal Kay Motherland  Crystal Kay As It Began  Сияешь ты  To France  Doubts Even Here New Order 
О чем песня
Ақберен Темірғали - Ғашық па едің??
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен