Оқыған Аружан Алдабергенова (исполнитель: Тағы да түн)

Өзің жайлы бөлісетін бар ойдың,
Түсінбеймін иесі жоқ қалай дым.
Тағы да түн тағы да өзім ғана,
Тұсауына түстім сенсіз сан ойдың.

Өкініш не? Ол өзіңсіз күйреуім,
Сезіп жүрмін сенен хаттар сиреуін.
Тосқанымда сен таңдасаң басқаны,
Сен бар ғой деп басқа жанды сүймеуім.

Жүрегіме ақылмен жалынсам ба?
Әлсіредім кетті деп салым санға.
Сені алысқа кетті деп айтсам ба екен,
Келмейді ол түсін деп сағынсаң да.

Жалынбаймын!Жалыну қасіретім...
Жүрегіме қайғы мұң кешіретін.
Жалынышсыз жағылған бір отымды
Өзің ғана қолыңмен өшіретін.

Өшірмеші? Алыстама себепсіз,
Жылайды ғой жүрек қалса керексіз,
Не айтамын жұбатпа жай ма десе,
Қайда десе кундерім сол дерексіз?

Түсіндің бе?Жүрегім жыламасын,
Жарық еттің жүректің мұнарасын.
Алысқа бағыт берген сол бір жарық,
Соңғы жанып теңізге құламасын.

Қуантшы бір?Келші уақыт болғасын,
Сенсіз салар бір әнім де болмасын.
Келші маған?Күндіз күнім күлімдеп,
Көңіліме түн тыныштық орнасын...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Mannat Reprise Daawat-e-Ishq  Fairy Tail Erza no Theme  Jiyeon wishing on a star  Black Paradise IRIS 2 OST B2ST Beast  One With The Music Nigar Jamal Nikki  Dance Floor Radio Edit DaniALL  Aram asatryan ax hayastan  Forever Forever pure Keiko Matsui 
О чем песня
Тағы да түн - Оқыған Аружан Алдабергенова?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен