Ты для меня одна (исполнитель: Саяхат Халинин(Kazakhstan))

Асығып шықтым үйден,
Сол күні сабақ еді.
Ертерек шыққанымда,
Негізі болар еді.
Ынтығып Универге.
Кіргенім сол-ақ еді.
Соқтығып қалдым қызға,
Сүйкімді, әп-әдемі.

Сөмкесі ұшып түсті.
Өзіде сүрінгендей.
Аңқайып тұрып қаппын.
Көп нәрсе бүлінгендей.
Бірдеңе айтып жатыр.
Томпиып, бұртияды.
Бұл өзі оқыс жағдай.
Білмедім кім кінәлі ?

2.
Қыздағы сиқыр күштен,
Тілім де байланғандай.
Бас изеп, ым білдірдім,
Шама жоқ ойланғанға-ай.
Ашумен қарағаны,
Қабағын түюі ме,
Бір сиқыр себеп болды,
Сол қызды сүюіме.

Соңғы кез көрінбейсің,
Көрмей-ақ қалай тоям?
Сол сәттен ыстық маған,
Оқитын аудиторияң.
Ол қызға көп әңгімем,
Қалған ед айтылмай шын.
Көргендер болса, сәлем
Аруға айтыңдаршы!

3.
Ажарың аппақ қардай.
Жанарың лағылдайын.
Дидарың атқан таңдай.
Қиялың сағымдайын...
Қиылған қасы-көзі.
Жырыңа әнім дайын.
Сен соны сеземісің.
Сүйкімдім Ару-Айым...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Amr-Diab We maloh  Хоккейные частушки  Карнавал 11 Киарина Шуман  Если друг твой в словесном споре Аркадий Северный  Hayastan ashxar  Onun o  Cafe Official Acapella Big Bang  Хвалю тебя говорит 
О чем песня
Саяхат Халинин(Kazakhstan) - Ты для меня одна?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен