Уәделер қайда? (исполнитель: BIGBAN х ҚараКесек❤)

Уәделер қайда?

Ұмыту қиын маған, тырыстым жігерленіп,
Білесің бе, сол қалаға сені неге жібермедім?
Жүрегім сезген болар сезімнің суынарын,
Енді қанша күтемін жаңа сезім туыларын?
Қанша деміңді бердің, айтшы, біздің махаббатқа,
Тағдыр көзге көрінсе, ұрар едім шапалақтап.
Саған деген сағыныштың салмағы артып барады,
Расында, қымбат екен бірге өткізген әрбір сағат.
Сенімен бірге қол ұстасып күнде өткен жерден
Қолды қалтаға салып өтіп кеткен қиын екен.
Есіміңді атайын, байқамай қала берем,
Тілімді тістейін бе, әлде саған қайта келем?
Сезімім адасты сенен, жолықпайды қайта саған,
Өзім де таба алмадым, кіріп кетті бір тасаға.
Уақыт қырсық, білесің, кері қайтару қиын,
Сезім суымағанда, бес жыл ғой бізге биыл.

Қ-сы:
Уәделер қайда жүрекпен ұсынған,
Қалайша, жаным, мен сені жүректен түк болмағандай ысырам?
Сағат санап күтуден шаршамадың ба, жаным,
Кеш түсініп бәрін екеулеп жанардан жасымыз тамды.

Баяғы шақтарды еске түсіреді айналам,
Баяғы бақтарда сен3 тұратын сені аймалап.
Өзіңмен өткен күн өзгемен табылмайды,
Өзгерме, өтінем, көп ойлап қапылмай.
Көзім көрген нәрсені қалайша жоққа шығарам,
Қолыңнан демедім, ия, енді құлама.
Арманым қалды арман қалпында,
Амал не бекерге талпынам бақытты алам деп сенен.
Білмейм, өмірдің мәні кетті ме,
Сезімнің дәмі кетті ме, әлде әлім бітті ме?
Сонда да үмітпен үміттеніп келем,
Мен ертең білмеймін не боларын, не деп саған уәде берем?
Жарайды, сен күлімдеші, болды,
Білемін, тоңдың сезімнің ызғарына соңғы.
Екеуміздің алдымыздан сайқымазақ бақыт тосты,
Екеумізді бөлінетін жолда қосты, қайтесің?

Қ-сы: (х2)
Уәделер қайда жүрекпен ұсынған,
Қалайша, жаным, мен сені жүректен түк болмағандай ысырам?
Сағат санап күтуден шаршамадың ба, жаным,
Кеш түсініп бәрін екеулеп жанардан жасымыз тамды.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
MYSTERIONS - BADAM-BADAM  Kozzporno ft schokk  Rosa primavera Rick Davies  Nageki no Oto Kokia  Zachem Ty Para-Dox  Time boils the rain  Нобэ узолъагъу адыгэ уэрэд  Motus monaque remix moonbeam 
О чем песня
BIGBAN х ҚараКесек❤ - Уәделер қайда??
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен