Ринат Зайытовтың хит әндер шеруі айтыс 2015 (исполнитель: Ринат Зайытов)
Баспадым жардың шетін құлайма деп Ішпедім арықтан су ылайма деп Қорқамын келе жатқан сайлаулардан Біреулер дауысымды сұрайма деп Ғани бұлбұл жамбыл дүлдүл Өтіп кетті ау сайлау құрғыр Ахау арман дүние жалған сайлау ләйллім сайлау ләйлім Жақсылар жықсымын деп айталмайды Милиц экология деп айқайлайды Жүрген соң еңбектерін күнде көріп Тұғыры елбасының шайқалмайды ей Атыңды байлармысың белдігіңмен Өмірде оңалмассың мендігіңмен Сыймаса Шаханов пен Тоқтар ағам Не пайда парламенттің кеңдігінен Біреу бұлбұл біреу дүлдүл Өтіп кетті ау сайлау құрғыр Ахау арман бітіп қалған Әләу ләйллім хәләу ләйлім ------------------------------------------------- Жайлауында жүрген жігіт бағып қой 20 жылдық жасап жатыр алып той Тұңгыш рет көріп тұрсын сен мұны Нағыз қазақ осы міне танып қой Қазақ осы алтын мұнай қазатын Қазақ осы биікке қол созатын Қазақ осы қай бәйгеге салсан да Оқ бойымен дара келіп озатын Қазақ осы оқ бойымен дара келіп озатын Қазақ осы өзі батыр өзі ақын Қазақ осы қатпар қатпар тарихын Қағазға емес тасқа қашап жазатын Қазақ осы бір Аллаға сенетін Қонағына қолда барын төгетін Қырғыз-қазақ қазақ жоқ деп сөйлеген Астанадан төрден орын беретін Қазақ осы Абай ділмар Шәкәрім Еш жұтпаған ұлылықтың қатарын Бар әлемге мәшһүр қылып атағын Болашаққа жасап жатыр сапарын Қазақ осы Кенесары Абылай Ер Қабанбай Бөгенбай мен Ағыбай Қазақ осы таудай болып алатын Қанша шашып тастасан да тарыдай Қазақ осы Дінмұхаммед Қонаев Бір ақ құстың арқасында болайық Қыран құстың көк аспанның астында Қуаныштан омырауын соғайық Қазақ осы 86 желтоқсан Бостандықтың темір торын сен ашқан Құлағымды саған кесіп береиін Бұл қазақтан артық туған ел тапсан ----------------------------------- 17ге толған кезде Астанам Мен жырламай енді кемнен жасқанам Бар қазақтың азат халық екенін Астана ғой бір дәлелдеп тастаған Сөйле тілім алаңдама тартынба Жаңа Астанам жайна мәңгі жарқылда Шығысында өр Алтайын сұңғақ бір Тарбағатай биігіңді шыңдап тұр Өскемен мен Семейің де сен үшін Абай менен Шәкәрім боп жырлап тұр Керекумен асқақтасын айбының Қызылжарың бар да көрме қай құның Қарағанды Жезқазған мен Балхашын Саған беріп жатқан жоқ па байлығын Еділ Жайық екі өзенің Каспийің Ақтау Орал Атырауын жақсы үйің Алынбайтын қамалдай боп сен үшін Батысында батыр халық тасты туйін Қаратаудай алас армас арың бар Шымкенттей алаулаған жалын бар Ақ батасын беріп тұрған өзіңе Тараз бенен Түркістандай шалың бар Көкшетау мен Теміртаудай қалаң бар Талдықорған ертеңіне алаңдар Алатаудын бауырын да ұмытпа Ақ сақалы ақ самайлы Алматыдай ағаң бар Сырдария құдай берген ырысың Жағасында жайқалған ақ күрішің Ақмоладан Астанаға айналған Ақмешіттің ең кішкентай ұлысың Тағдыр бізді әлі талай сынайды Сынағанға тек мықтылар шыдайды 10 миллион барлық қазақ құдайдан Астананың амандығын сұрайды Олай болса аман болсын Астанам Бостандықтың бойтұмары сынайлы