Мұқағали және Фариза (исполнитель: Ильяс Мұратбек, Айнель Бисенова)

Қанша жан болғанменен сорғалып
Əйтеуір саған бір күн жолығармын
Әзірге зарығармын торығармын
Білемін келер бір шақ жолығар күн

Шынымен болып жүрсе жаның ғашық
Сен маған жалынбашы, табынбашы
Ер мінезді жігітті ұнатады
Осы бір қарындасың

Сен мені білесің бе білесің бе
Жаралмаган жан екем күресуге
Жылай жүріп өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың жүресің де
Бірі итеріп кеудемнен бірі шалып
Тастағысы келеді күрес інге
Фариза жан сен соны білесің бе

Табыстық екеуміз де көктем едік
Бір кештік су демедік от демедік
Соншалық ығысқаннан бірімізге
Біріміз тіл қатпай ақ өкпелі едік

Өкпелеттім не дейін өкпелеттім
Өкпелетіп қалайша көктемекпін
Сенің қойған межеңнен аттадым да
Шекараңнан шықтым да шетке кеттім
Өкпелеттім амал не өкпелеттім

Сен мені жек көресің
Мен сені жек көремін
Десем де, жанашырым көп пе менің
Көңілім жүдеп жүрген сол бір кезде
Өзіңе өкпеледім..

Сезбейсің ғой сезбейсің ғой сен мені
Көрмейсің ғой кереметті мендегі
Түсінсеңші сарсаң болған пендені
Түсінсеңші ақыл ойың кем бе еді

Жанарым нұр ұшқынын қарады іркіп
Мен содан көрген сайын қалам үркіп
Айтпай-ак сезіп тұрмын бұл күндері
Жүрсің ғой басқа адамға алабыртып
Сонда да жүрек құрғыр саған ынтық

Қамықпа жаным қайдағыны еске салмашы
Сескене берме селт ете қалса тал басы
Сенімен біздер осынау дастан өмірдің
Жалғанда бітпес жалғастарының жалғасы

Сүйсең де өзгені, сен менің арманым
Жас жүрек төзбейді, мұң, жырын арнадым
Мен сені сағындым, сағындым жүдедім
Жастығым жалыным, бір сендік жүрегім

Сағындым ғой дедің-ау жаным маған
Бұлт көрдің бе таулардан мамырлаған
Сол менің ақ жанымның ақ жалыны
Аулақта ауылымнан дамылдаған

Билігіне өмірдің бағынамыз
Біздегі махаббат та шағын аңыз
Қара аспанның астында тірі жүрсек
Бірімізді біріміз сағынамыз

Қайтемін бақытты мен бұйырмаған
Өзімнің ырысым бар құйылмаған
Мен мына өмірімнің күйін бағам
Бақыттан басқалары үйір маған

Солай өмір дегенің айқас әлі
Жақсылыққа жамандық жай шашады
Біреу аңғалдығынан шала тартып
Қулығымен кейібреу дара шалқып
Біреулердің жанады қайта шамы
Бұл неліктен адамда сана кем бе
Жоқ опасыздық барында қара жерде
Әлі талай адамдар шайқасады

Болмағандай жүрмегендей сен де біз
Кетеміз ау әй кетміз пендеміз
Ұрпақтарға береміз де кезекті
Біз кетеміз кеті үшін келгенбіз

Ол енді кетті міңгілік кетті қасыңнан
Көрмейсің енді ол жанды көңіліңе сенің бас ұрған
Алтынға құмар ғашық жан
Айырылып қалдың айырылып қалдың асылдан
Ол кетті сенің қасыңнан

Қазір түн
Көктем түні маужырып тұр
Оырмын жазбай сызбай қалжырап кұр
Есігімнің алдында кәрі қайын
Көктей алмай бұтағы салбырап тұр
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
За тобой  Не думала не гадала Марина Девятова  Annett Louisan Die Wahrheit  Глаза россии  State Radio  Annett Louisan Der Blender  Hande yener aci veriyor  Память голубые береты 
О чем песня
Ильяс Мұратбек, Айнель Бисенова - Мұқағали және Фариза?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен