Кетіп барам (исполнитель: QARAKESEK)

Уәде беріп тастадың, эй, талай рет, 
Есіңде ме соңғы сөздерің, қалай еді? 
Жалпы, «Қасымда болғанды мәңгілікке қалайм» деп, 
«Сен қайда барсаң да, мен сенімен барайын» деп 
Айта беретін ару, дәл қазір қай жақта қалдың, 
Келуге дәтің бармайды, бәлкім, аяқтан қалдың. 
Жаңа бір таныстарыңа ештеңе аяп қалмадың, 
Бәлкім, бәрі енді басталды, түк те аяқталмады. 
Жанымда болсаң, үндемей жай ғана күлімдейсің, 
Қыс келгенде неге, күнім, ұзақ көрінбейсің? 
Өткен шаққа оралмайм, өткен шақты осы шаққа шақырып алайық, 
Ол қалай? (Ол қалай?) 
Ол қалай? 
Өзегің өртенді, көрінбеді маған лауламай. 
Көмекке барар едім, 
Бірақ баратын жол қалай? 

Қ-сы: 
Алдымда – ақ парақ және аппарат, 
Және арақ. 
Қиялға алып баратыр, 
Мен, мен, мен, мен кетіп барам. 

Мен кетіп барам, 
Тастап соңыма сені де, оны да, 
Мен кетіп барам, 
Уақыт өтіп барады. 

Сенің мінезің сенің киіміңе байланысты, 
Мен сенімен емес, елесіңмен Айға ұштым. 
Жақындап көр, жақындай алсаң, ұялма, 
Сені өзіммен бірге алып кетем қиялға. 
Таусылды талай күн, таусылды сиялар, 
Үміт өшер емес, бақыт құсы ұялар. 
Мен жаққа келіп қайт, жылы ұяң бар, 
Бұл жақтан Ол жаққа есіңді жия бар. 
Жасырып көңілдегі көңілдесіңді менен тығылма, 
Өмір сенікі, өмірде жығылма. 
Жылдам өтетін уақытты сен сезінбедің әлі, 
Сенің бақытты болмауыңа мен ба кінәлі?! 
(Мен ба?!) 

Қ-сы: 
Алдымда – ақ парақ және аппарат, 
Және арақ. 
Қиялға алып баратыр, 
Мен, мен, мен, мен кетіп барам. 

Есіме түсіп өткен шақтан сол бір көктем, 
Мен әлі сол жақтамын, ал сенің ойың бөтен. 
Ғажайып күтіп көктен – өмір осылай өтер, 
Өмір осылай өтер, өмір осылай өтер.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
My life is  My bloody valentine only tomorrow  Трошин  My little girl  Тимати - баклажан  На окраинах  Пьеро и мальвина  What you doing now 
О чем песня
QARAKESEK - Кетіп барам?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен