Елігім, еркем (исполнитель: Қарақат пен Қыдырәлі)
Қиялымды көкке өрлеткен Көңілімді көктем еткен Елігімсің - еркем менің Хабарыңды көптен күткен! Жан дауасы сене деймін! Сенсіз күйге бөленбеймін Бір сәлемің жетер-ау деп Елігім-ау, елеңдеймін Тағдыр берген саған көрік Қарай қалсам, табам ба ерік Елігім-ау, жетпей қойды Сенсіз көктем маған келіп Алігім-ау, жүремін ғой Сен туралы көп ойланып Оралмай жүр жыр айналып Қона алмай жүр ән айналып