сені сүйгендіктен кінәлі емес шығармын (исполнитель: halfani)

менің өмірімнің астан-кестеңі шыққанда 
жалған сезім, махаббат бәрі ұмытылғанда 
бір кезде нәзіктік пен сезімді сезе бастадым 
көптен күткен ғашығымды іздеп тапқанда 
сеніменен алғаш сөйлескенде жүрек дірілдеді 
бірақ сенің сөйлескің келгені маған білінбеді 
тіпті менсінбегендей боп жүректі жараладың 
тәкәпарлық қасиетің сенің қару- жарағың 
бірақ сенікі де жөн мені танымайсың 
танымайм деген сөзіңмен әңгімені аяқтайсың 
тіпті мұрша бермейсің сенімен жақын болуға 
ең маңыздысы тіпті сезімімді байқамайсың 
жәрәйді, не айтсаң да соған төземін 
арада қанша жыл өтсе де жаным сені күтемін 
күтемін мені үміттендірмесең де 
сүйемін я мені сүймесең де 
к- сы 
қашан қашан сен құшағымда жүресің 
қашан мен сені аймалап сүйемін 
осы уақытты күтемін көп жылдар өтсе де 
сені қатты сүйемін мені сүймесең де

екеуміздің арамызды ұзақ жол бөледі 
ортамызда жатыр үлкен теңіздің көлемі 
қаласаң дайынмын сенің қасыңда мәңгі болуға 
кел десең дайынмын қалаңа жаяу баруға 
сезімнің ыстық лебін өзіңе бағыттаймын 
сүретіңе қарасам өзіңді армандаймын 
қаламаймын сенің өзгемен болғаныңды 
қаламаймын өзгемен жасқа толғаныңды 
ия білемін кейде шеттен шығып кетемін 
осының барлығы сүйгендіктен енді қайтемін 
қайтемін сені сүйгендіктен кінәлі емес шығармын 
өшіре алмаспын лаулап жанған махаббат шырағын 
жүрегімнің соққысы бір сен үшін соғады 
жүректен шыққан толқындар бір өзіңе тартады 
мүмкін уақыт көрсетеді бәрі басқа болады 
бірақ жанымда жоқсың сол мені қиналдырады 
к- сы
қашан қашан сен құшағымда жүресің 
қашан мен сені аймалап сүйемін 
осы уақытты күтемін көп жылдар өтсе де
сені қатты сүйемін мені сүймесең де

білемін талай жігіттер сенің артыңда жүр
бәлкім сен үшін жігіт қолыңдағы кір
бүгін бар ертең жоқ болса да көңілім тоқ
дәл мен сияқты сені сүйетін жігіт жоқ
менің шынайы сезіміме соқыр көзбен қарамашы
айқара ашылған сезімді бағалашы
мүмкін осы өлеңді тыңдап отырған боларсың
бәлкім бақыт құсы болып қолыма ұшып қонарсың
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Mhoir  Новогоднее настроение слова  Ани лорак -для тебя  Я просыпаюсь  Guf Трамвайные пути  Morphine Hanging On A Curtain  Один путь 
О чем песня
halfani - сені сүйгендіктен кінәлі емес шығармын?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен