Періште емеспін (исполнитель: BaGi x N.S.K1NG)

Періште емеспін

Періште емеспін күнәһар бейнесінде,
Өзгеруге сөз беремін, мүмкіндік бер келесіде.
Махаббат сезіміне мен лайықты емеспін,
Бәріне мен кінәлі, келеді тек бір кездескім.
Сенен іздеп табамын махаббаттың түбірін,
Қонып әрбір гүлге, мойындаймын, бүліндім.
Шалындым, сүріндім сағымдар арасынан,
Кей кезде табылдым жезөкшелер жағасынан.
Жылаттым өзіңді көл қылып көздің жасын,
Қалдым мен жалғыз болып, өзімдік қара басым.
Қиылған кірпіктерің, төгілген қара шашың,
Қарлығаш қанатындай терілген екі қасың.
Сұлусың, сымбатты, не деген асыл жансың,
Жаңбырлы кеш артынан бозарып атқан таңсың.
Қазір болдың танысым, кезіндегі сүйіктім,
Адасып мен есімнен кеш болғанда жиыппын.

Қ-сы: (х2)
Сені ұмыту қиын, түсінші мені,
Қиындау менің өзіңсіз күйім.
Жаным, сағындым өзіңді іздеп,
Сені сүйдім мен, ұмытпағын тек.

Фонында ұялымның – сенің суретің,
Ішінде әуендер екеуміз жақсы көретін.
Мен бақытты едім: жанымда – жаным сүйетін,
Себептер қалды тек қана еске алып күлетін.
Бірге жүретін екеуміз тоздырған жолдар,
Ешқашан ажырамайтын біріккен екі қолдар.
“Сүйем” деген сөздер қаңырап қалды өткенде,
Мен сене алмадым сезімдеріміз тоқтап біткенге.
Оралайықшы өткенге, мүмкін емес,
Келесің алдымда, мүмкін болар, елес.
Ұқсаттым өзіңді сызылған әрбір қызға,
Онсыз да өтті өмірім, жүрек айналды мұзға.
Сенің құзыретіңде мені ұмыту,
Ал менің міндетім – өз жүрегімді өзім жылыту.
Қайдағы жылыту соғуын тоқтатқанда,
Құдай қосты деген теңімді жоғалтқанда.

Қ-сы: (х4)
Сені ұмыту қиын, түсінші мені,
Қиындау менің өзіңсіз күйім.
Жаным, сағындым өзіңді іздеп,
Сені сүйдім мен, ұмытпағын тек.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Гори гори моя звезда  Toby Keith White Rose  Flight facilities crave you  Cip cip cucelerim  Falling inside the black  Король и шут пираты  Асыл жанымай  Сансара Вымпел 
О чем песня
BaGi x N.S.K1NG - Періште емеспін?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен