Алып кашамын (исполнитель: ШYNGYS, ReeGa, Maximum)

Келші менің қасыма, жаным, мен сені сүйемін,
Сен қасымда жоқ кезде сағынып күтіп жүремін.
Сенде сағынасың мені, сенде сүйесің білемін,
Екеуміз бірге болмасақ тоқтап қалады жүрегім.
Сондықтан мәңгілікке екеуміз бірге боламыз,
Бір-бірімізді ренжітпеуге әрқашанда тырысамыз.
Бірақ болады күндер, ренжіп қалады алтыным,
Мені кешірші күнім, сүйемін сені жаным.
Басқаға қарапайым, ал маған сен ханшайым,
Менің ерке сұлуым, армандаймын әрдайым.
Басқа ешкімге сенбей, тек қана маған сенші,
Сүйемін тәтті ерніңнен, қане, кұшағыма келші.

2-куплет: ReeGa
Сені бірінші рет көргенде мен таңғалдым,
Жерге түскен бе періште тастап аспанын?!
Періште болуыңа қанаттарың жетіспейді, 
Менің жарты жүрегіме сенің жартың жетіспейді.
Алып қашамын сені егер мені сүймесең, 
Сені бақытты етем, жаным, кепілдік берем.
Қалың малым дайын, боламын сенің байың,
Әкең қарсы болса егер, мен оны қадаймын.
Уайымдама, жаным, ханзадаң әзілкеш,
Ақ сәйгүлік алу үшін, папа, берші кэш.
Анашым, түсінші, мені оны қатты сүйемін,
Дайын болыңдар, ертең келін үйге алып келемін.

3-куплет: ШYNGYS
Иә, міне үйленетін уақыт келді.
«Үйлен» деп әкем миымды ашытып жіберді.
Таба аламын ба арманымдағы аруымды?
Мені бақытты етіп мәнді қылар өмірді.
Болашақ сүйгенім, табамын қайда болсаңда,
Мүмкін алыстасың, бәлкім қасымда.
Кездестірем сені көшеде не автобуста,
Мүмкін концертте немесе ғаламторда.
Болашақ ұлымның анасы саған сөз берем,
Қуаныштан ғана жас төгілед көздеріңнен.
Тұтқыны болғым келеді шынайы сезімнің,
Іздеймін нағыз қожайынын жүрегімнің.

Қайырмасы:
Мен сені шын сүйемін,
Сенбейсің түсінемін.
Қаламасаң сен мені
Алып қашамын сені.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Porn song  Никого не будет в доме Б Пастернак Никитин Сергей  Бокал любви Борис Моисеев и Верка Сердючка  Oxymiron-привет со дна  Ненни ненни  Белая армия  Просто верю  Я наркоманка 
О чем песня
ШYNGYS, ReeGa, Maximum - Алып кашамын?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен