Ей, өмірім, зымырап барасың ба (исполнитель: Мұқағали Мақатаев)

Дүниенің ағын да, қарасын да, 
 Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да. 
 Қарасымен шамаң жоқ таласуға, 
 Ей, өмірім, зымырап барасың ба? 
 Жер мен көктің желпініп арасында, 
 Желігесің, түсесің қара суға. 
 Құйын қуған қаңбақтай аласұра, 
 Ей, өмірім, зымырап барасың ба? 
 Мен отырмын теңіздің жағасында, 
 Бересім де жоқ оған, аласым да. 
 Мені тастап, толқындар, ағасың ба? 
 Толқынданып, өмірім, барасың ба? 
 Шаң шығарып ізінен құйындаған, 
 Барасың ба, өмірім, қиындаған? 
 Сыйын  маған, 
 Ей, өмір, сыйын маған, 
 Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Dalebotbeats)  Научиться бы не париться по пустякам  The Wolven storm  Я солдат не доношенный ребёнок войны  Авана не теряйте первую любовь  Время улетает как день 
О чем песня
Мұқағали Мақатаев - Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен