Неліктен (исполнитель: 7. Асыл тобы)
Неліктен Әні: Л.Жолдасов Сөзі:А.Сейдахмет Таңғышықтай жүз құбылып, Жұлдыз үміт ағыстары. Көшкен бұлттай шашыраған, Жасын арман алыстады. Қ-сы: Жанымды еліткен, Жаным неліктен Оралмадың Бола алмадың Сен бағым менің... Нала мұңның бұл да бәлкім, Сірә жалқын ізі ме еді? Жанарымның тамшылары Әлсін-әлсін үзіледі. Қ-сы: Мысқал тағдыр өткелінде Кете бердік жекеленіп, неге? Құстар да бір көктемінде Кеп тұрмай ма, кеттің қайда сен?