Қоштасудың қиыны-ай (исполнитель: Мейрамбек Бесбаев & Сандуғаш)

Қайран күндер кешегі 
Сайран күндер кешегі 
Көрген түстей көңілден 
Қалайша көшеді 
Бақытымы балаған 
Жар ылайық санаған 
Жан серігім жалғанда 
Сен едің қалаған 

Қайырмасы: 
Қия алмадым, қимадым 
Қинадың-ау, қинадың 
Гүл орнына қайтейін 
Саған мен мұң сыйладым 
Қарай бердің қиыла-ай 
Қоштасудың қиыны-ай  

Саған ғана жан сырым 
Айтушы едім, бал-шырын 
Бірге кешкен күндер-ай 
Мөп-мөлдір таң-шығы 
Шығар ма екен бәрі естен 
Жылап жатыр жүрегім 
Нәп-нәзік нәрестем 

Қайырмасы. 

Ұя салған таңдайға 
Біз айтатын ән қайда? 
Амал бар ма тағдырға 
Жазылған маңдайға 
Ақ тілеулі арманға 
Сенен асқан жан бар ма? 
Жаралайды жанымды 
Көзден жас тамғанда
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Если слишком больно  Мерседес-Бенц Дети  До свиданья есенин  Тнмк забув  А не спеть мне песню  Челси - Надо  Нас просто  Анита цой оберегами 
О чем песня
Мейрамбек Бесбаев & Сандуғаш - Қоштасудың қиыны-ай?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен