Беріштер жыры (исполнитель: Хамзин Жақсылық Қамешұлының)

Беріштер жыры

Хамзин Жақсылық Қамешұлының тапсырысымен
Сөзін жазған: Қобылашев Серғали
Әнін жазған: Жүсіпов Нұрталап

Он екі ата Байұлы                  
Жетіде баулы Беріштен
Жайсаңдар шыққан нешеме
Жау жарағы келіскен
Қаратоқай, Жайық, Есенқұл
Замандас екен Ақжелең
Тай-құлындай тебіскен
Толымды екен ортасы
Жаңбыршы,Себек,Бегіспен
Бөкен мен Есен,Құлкештер
Ұлдары екен Беріштің
Бірбіріне сеніскен

Толғайда толғай, толғана
Жырымның құсын ұшырдым
Ұрпағы екен Беріштің
Кешегі Сұлтан Бейбарыс
Билеушісі Мысырдың
Ер Исатай, Махамбет
Даусы жетті құлаққа
Кешегі қызғыш құсыңның
Есенқұл батыр бүгінге
Аңызы жетті күшіңнің

Кешегі қилы заманнан
Мұңды бір самал еседі
Алшын деп шапқан атойлап
Ағатай бабам кешегі
Ұраны болып беріштің
Заманнан заман көшеді
Құттыбай, Шұбар, Жаңбыршы,
Батырбек, Қабыл, Есеттер,
Бағлан батыр, шешені
Жаппарберді,Ұса,Үбілер,
Сөзбенен қолды бастаған
Жақсы мен жайсаң көсемі

Толғайда толғай, толғана
Жырымның құсын ұшырдым
Ұрпағы екен Беріштің
Кешегі Сұлтан Бейбарыс
Билеушісі Мысырдың
Ер Исатай, Махамбет
Даусы жетті құлаққа
Кешегі қызғыш құсыңның
Пыштанай батыр бүгінге
Аңызы жетті күшіңнің

Беріштен өткен нешеме
Әулие әмбие киелі
Бекмұханбет, Сәт пен Әжіғали
Қыз әулие, Қаламқас
Атағын елім ардақтап
Әлі күн басын иеді
Нешеме батыр бабаның 
Ала құйын заманда
Түрікпенде қалған сүйегі
Разы болсын аруағы
Өсе берсін ұрпағы
Жыршыңның осы тілегі

2 рет:
Толғайда толғай, толғана
Жырымның құсын ұшырдым
Ұрпағы екен Беріштің
Кешегі Сұлтан Бейбарыс
Билеушісі Мысырдың
Ер Исатай, Махамбет
Даусы жетті құлаққа
Кешегі қызғыш құсыңның
Кешегі баба Құлбарақ 
Аңызы жетті күшіңнің. 3рет
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Хмельная серенада Марат Фахртдинов  Chica Loca Dj Rich-Art mix Tony Ray feat Gianna  Насим абу хабиб  Реп Даб степ потом драм и даже  Дякую тобi минус Океан Эльзы  Счастливый дождик Аркадий Погодин  Глаза карие-карие губы сладкие-нежные  Губки бантиком С Днём Рождения малыш 
О чем песня
Хамзин Жақсылық Қамешұлының - Беріштер жыры?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен