Жоғалған арман [://.com/olen_matin] (исполнитель: Айнара Айтқалиева)

Өтті өмір, өзгерді бәрі,
Өшті үміт, сөнді алауы.
Саған деген көңілім әлі пәк сезімде,
Сүйгенменен бар ма амалы?

Сағынам осы шақты арайлы,
Алаулаған сезімдер аяулы.
Аңсаумен еске алам, жүрек жаралы,
Айырды бізді көнем тағдырға.
Айналды бәрі бұлдыр сағымға,
Жоғалған арманым махаббат бағында.

Атты таң да енді өзіңсіз,
Жүрек жылап соғып өзіңсіз.
Тамылжыған жұлдызды түнде,
Өзіңді ойлап сағыныштан салам әр әнге.

Сағынам осы шақты арайлы,
Алаулаған сезімдер аяулы.
Аңсаумен еске алам, жүрек жаралы,
Айырды бізді көнем тағдырға.
Айналды бәрі бұлдыр сағымға,
Жоғалған арманым махаббат бағында.

Арманым жоқ алда әрі жоқ алау сезім,
Арамыз алыс қазір бұған кінәлі айтшы кім?
Сен де, мен де берілдік махаббатқа,
Тосқауыл болды қалай бақытымыздың жолына?
Ұстаушы ем, сенің нәзік қолыңнан,
Уақыт өте көзім жетті сезімнің жоғына.
Біл енді екіге бөлінді жол,
Кедергі болмаймын саған тілеймін бақытты бол!

Өзіңсіз ардағым менің,
Атпайды таңдарым менің...

Сағынам осы шақты арайлы,
Алаулаған сезімдер аяулы.
Аңсаумен еске алам, жүрек жаралы,
Айырды бізді көнем тағдырға.
Айналды бәрі бұлдыр сағымға,
Жоғалған арманым махаббат бағында.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Виски ириски Елена Неклюдова  Andrew Bird Tin Foil  Bushido Ersguterjunge  Bushido Schmetterling  Bushido Hoffnung stirbt zuletzt  Bushido Nie wieder  Никто не будет в стороне 
О чем песня
Айнара Айтқалиева - Жоғалған арман [://.com/olen_matin]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен