Фариза қыз ( Мұқағали Мақатаев ) (исполнитель: Мақпал Жүнісова)

Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Біріміз, бірімізден арылармыз. 
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, жалығармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жан екенмін жаралмаған күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, күлесің де , жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе, білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған, мұң шағамын, мұң шағамын, 
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім... 
Қыз да болсаң мен саған, мұң шағамын, мұң шағамын.

Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім, жия бергім,
Маңдайымнан сипаған жан болса егер,
Енді қалған өмірімді қияр едім, қияр едім.

Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Fike бомба еще ебанет  Ai ft Kari - Hide and Seek  Далеко далеко На цветочный лугах Dal Vina  Love is punishment  Den-беспощадная сука  Зажги меня Христианские Песни  Mainstream One - Для тебя  БЫСТРЫЙ РЕП Ms Arti 
О чем песня
Мақпал Жүнісова - Фариза қыз ( Мұқағали Мақатаев )?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен