Салқын (by Rauan Kenzhetay) (исполнитель: DAGGER)

Қыстың кезі, күн суытты ауа - райы боранды
Тау менен тас дала әбден аппақ қарға оранды
Салқындықтан табиғаттың сескенетін ешкім жоқ
Жаратылыс тіршілігін жасауменен қамданды

Жол бойында келе жатты Пенде жалғыз қауқарсыз
Үмітсіздік сезімі жаулағандай амалсыз
Өмірінен жалыққан ба, әлде шайтан азғырды ма
Шарасыздық, қорқыныш басын әбден қатырды
Еш ойынан кетер емес әрекеті кешегі
Шарап ішіп достарымен сауық құрған кезеңі
Ішімдікке тойған жастар мас қалпында көлікте
Кеш батқанда отырды да газды баса кетеді

Зуылдаған темір тұлпар жылдамдығын арттырды
Айналасын көзге ілмей жастық жолын шарқ ұрды
7-8 жастағы бейкүнәні қаққанда
Жастық жігер алауы су супкендей  басылды
Бейшаралар надандар көлігінен түспеді
Сол қалпында көрмеген боп жол ұзатып кетеді
Не болды екен ол балаға деген ойға салынбай
Ібілістің алдауына мас қалпында ереді 

Таңға жуық әрқайсысы үйді-үйіне тарқасты
Бір орында тік тұра алмай жас сәбидей құласты
Ештенеге зауқы соқпай, Пенде жетті үйіне 
Құлай - құлай келген бойда төсегіне жармасты
Міне бүгін сол жолменен келе жатты кешегі
Бала қақтың деген сөздер ойынан еш кетпеді
Не істерін, қайдан пана табарын ол іздеумен
Басы қатып, мұңға батып, жазғырумен келеді

Ғажап нәрсе орын алды дәл осы сол жерде
Азан даусы естіледі, жұбаныш боп сенгенге
Жүрегіне жылу орнап, Хаққа бұрды көңілін
Ең керегін тапты айқын, бақыт сыйлар пендеге
Бағытын ол мешіт жаққа өзгертті тез, ойланбай,
Жеткенінше асықты дамыл қақпай тоқтамай
Кірді ішке көп отырды кешегіні сарантап
Бір Алладан көмек сұрап, көп жылады шыдамай

Тәубе етті таусылғанша жанарында көз жасы
Жаратқаннан" аман болсын" - деді қаққан баласы
Жалбарына жалына шын жүректен сұрады
Көп отырды, жылай - жылай жеткенше әл-шамасы

Рахымды Алла, Һәм Рахымды кештім құлым дегендей
Қабыл алып тәубесін, айқын бергі бергендей
Есігінен мешіттің сол кешегі жас бала
Кіріп келді аман-сау Аллаһу әкбар! мінекей
Жылай берді, жылай белді жылай түсті егіне
Таң қалумен қарай берді балаға ол тесіле
Мадақ айтып Жаратқанға жасамаймын қайтадан
Деді егер қайталасам, адаммын мен несіне ?!

Шынында да, одан кейін Пенде әбден өзгерді
Достарын да осы жолға шақырумен келеді
Дұға жасап тура жолға сала гөр деп достарын
Осы жолдан таймасам екен деумен келеді

Тәубе етті таусылғанша жанарында көз жасы
Жаратқаннан" аман болсын" - деді қаққан баласы
Жалбарына жалына шын жүректен сұрады
Көп отырды, жылай - жылай жеткенше әл-шамасы
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ветер гонит злые тучи лепестки  Solemn  Прошло  Только зачем  Taka Takata Така таката Joe Dassin  Боб марли no woman  Stairs 
О чем песня
DAGGER - Салқын (by Rauan Kenzhetay)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен