Әкем біреу, анам да біреу менің♥ (исполнитель: ♥Фариза Оңғарсынова)

Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.

Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
High School Musical HSM  Теряешь меня Елена Есенина  Крайм Волшебник Мята  Hallelujah Jake Hamilton  Siloam Church только не плачь  Belika  Черлидерши 
О чем песня
♥Фариза Оңғарсынова - Әкем біреу, анам да біреу менің♥?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен