Дайын бол ! version 3 (prod by MazeOne) (исполнитель: Аль Nasr (G-Had) feat. Bro Metis (ADAMANT'Ы))
1 шумақ: Деңгейі кімнен кембіз, бүкіл әлеммен теңесеміз Тіл үшін жасау жаттық көлденнен неге десең? Сақ, ғұн,түркідеміз Дүркіретер бұл лебіз, бұл әуен даланікі Түбінде бар бір жеңіс, ана тілді шектеткенбіз Халқы аш, билері семіз Көріп өстік жоқшылықты, құнсызданып жеріміз Жүйемен күресте батыл, биіктеді сөз-нақыл Тәуекел ет тәуекел, Хикметте басшы ақыл 37-де Алаш көрсетті кімнің кім екенің Қазыр ғой қазағым мас білмей жүр кім екенің Бес арыс ағалардың мәнгілікте мекені Алыстама ұлыстан, ол жер атамекенің Қара темір қолға әмір, оралған шынжырлары Шың жыр айтқаны үшін, қамауларда шынғырары Бүгінгі зиялы қауым, кешегі халық жауы Ыбырай, Абай пікірлер есінді таңдырар Қайырмасы: Ғайып болды, хеей Алаш ақылды оятамыз Дайын бол, хеей Алаш, әлемге бояу тамыз Дайын бол, бұл нышан, шуақта ак шам Қыран құс ұлдары сен үшін әрқашан