Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Көңілдегі сырға толып, Жүректегі жырға толып ақ қағазға Бір жас жігіт ғашығына, Алыстағы асылына хат жазады... Есіне алып өрмелесті, Аңсауменен күнде кешті өткізеді... Ақ қағаздың ақпарымен, Сағынышын хаттарымен жеткізеді... Сен жоқ жерде жүрек әндетпейді, Сен жоқ жерде күн де мәнді өтпейді, Бақытыма қолым сәл жетпейді... СЕН ЖОҚ ЖЕРДЕ-е-е-е Сен жоқ жерде сезім тербемейді, Махаббатым сөзі сөйлемейді. Өзгелерді көзім де көрмейді... СЕН ЖОҚ ЖЕРДЕ-е-е-е Ол да оны тосуменен, Сезімге ән қосуменен күн кешеді. Қиялына қанат беріп, Жазғанына жауап беріп тілдеседі. Сағыныштың жолдарымен, Кездесер күн болғанымен алыс әлі... Армандары қатар ұшып, Ат берісіп, хат алысып табысады... Сен жоқ жерде жүрек әндетпейді, Сен жоқ жерде күн де мәнді өтпейді, Бақытыма қолым сәл жетпейді... СЕН ЖОҚ ЖЕРДЕ-е-е-е Сен жоқ жерде сезім тербемейді, Махаббатым сөзі сөйлемейді. Өзгелерді көзім де көрмейді... СЕН ЖОҚ ЖЕРДЕ-е-е-е Қателіктер болса, айып етпеңіз!)