Дуние-ай (исполнитель: Айдар Байжанов & Мухтар Кожа)

Баспадым жардың шетін құлай ма деп
Ішпедім арықтан су лай ма деп
Қорқамын дос болуға жаманменен
Тар жерде ертоқымын сурай ма деп
* * * *
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрғыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
* * * *
Жақсылар жақсымын деп айталмайды
Жамандар жақсымын деп айқайлайды
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп 
Таулардың биіктігі байқалмайды
* * * *
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрғыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
* * * *
Өмірден (оналалмассын мендігіңмен)
Атыңды байлармысың белдігіңмен
Аяқта аяқ киім тар болса
Не пайда дүниенің кендігінен
* * * *
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрғыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
* * * *
Ағаштың көзі қара көміріңдей
Мылтықтың бойы түзү теміріңдей
Өткізген жаксыменен жарты сағат 
Жаманның өтіп кеткен өміріндей
* * * *
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрғыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
* * * *
Жолықсак біздің жақтын тентегіне
Өмірдің өкінбейдау кеткеніне
Уйдегі жалғыз атын сойып беріп
Жүгенін ұстап қалады ертеніне
* * * *
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрғыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Джази  Ближе детка  Алегрова ирина  Ты не простая  Bassoti  Алексей чумаков девочка девушка женщина 
О чем песня
Айдар Байжанов & Мухтар Кожа - Дуние-ай?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен