Ана Тiлiм Арым Бул (исполнитель: Смерч a.k.a. Жакау)

Жақау - Ана тілім арым бұл
1.
Ана тілімнің төсі, бұл күнде тілім-тілім,
Сол тілді жұрт, ит қылуда көреалмай жүрген күнін.
Ешкімге қажет емес, қажеттерінде ұмытқан,
Сол тіл емеспе суық замандарды жылытқан.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, үш жүзден,
Біз олардан үлгі алмасақ, үлгі алады кім бізден.
Билерім ана тілмен тоқтатқан дау, жан-жалды,
Екі жақтан шығартпай, қынабынан сұр қанжарды.
Сол тілімнің кереметі, бұл күнде келмеске кетті,
Жүректердің төріне өзге тіл төрлетті.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,
Деген сөзден ештеңе қалмады әлбетте.
Анашым тербеткен ана тілдің әлдиімен,
Ана тілді өзгелердей, қуған жоқпын мен үйімнен.
Ана тілім төрімде, сыйы бар дастарханда,
Ана тілім алғысым, қонағыма ас тартқанда.

Қайырмасы:
Тіліне түкіргендер, өзгеге болады құл,
Тілімізді жылатты, тарихтағы 70 жыл.
Ана тілің анаң, осыны анық біл.
Өзгерседе әлем, өзгермеу тиіс ана тіл.
Тіліне түкіргендер, өзгеге болады құл,
Тілімізді жылатты, тарихтағы 70 жыл.
Ана тілің анаң, осыны анық біл.
Өзгерседе әлем, өзгермеу тиіс ана тіл.

Ана тілім арым бұл, айбарлы атқа мінген,
Қазақстан деп қазық қақты, осынау қазақ тілмен.
Көгімде қыраным, ана тілім жыр әнім,
Қазақстан, Маңғыстау, Жаңаөзен тұрағым.

2.
Ана тілім керек жерде, қанататын бір қанжарым,
Керек кезде сол тілмен, қар ақылды қақ жардым
Тіл тартысқан сәттерде, өшпеді де мойымады,
Өзге тілдің шеберлері, бұл тілді де мойындады.
Ана тіліңді сыйла, анаңдай абыройлы,
Ата-бабаң өткізген, сол тілмен садақа тойды.
Алыс асып кетсеңде, ғарышқада жетсеңде,
Ана тілің асылың, сатылмайтын тек сенде.
Аяқ асты қылмаңдаршы, ешкімге еш уақыт,
Мың бақыттың ішінде, ана тілің бір бақыт.
Ана тілмен, аналар, бесіктерді тербеткен,
Ана тілдей алтынды, таба алмайсың жер көктен.
Ата-бабалар өткен, ана тілмен ат үстінде,
Солар еді тілін ойлап, болашағына күрсінген.
Қазақстан қазағым, ана тілімнің жүрегі,
Ана тілім арым бұл, міне бізге керегі.

Қайырмасы:
Тіліне түкіргендер, өзгеге болады құл,
Тілімізді жылатты, тарихтағы 70 жыл.
Ана тілің анаң, осыны анық біл.
Өзгерседе әлем, өзгермеу тиіс ана тіл.
Тіліне түкіргендер, өзгеге болады құл,
Тілімізді жылатты, тарихтағы 70 жыл.
Ана тілің анаң, осыны анық біл.
Өзгерседе әлем, өзгермеу тиіс ана тіл.

Ана тілім арым бұл, айбарлы атқа мінген,
Қазақстан деп қазық қақты, осынау қазақ тілмен.
Көгімде қыраным, ана тілім жыр әнім,
Қазақстан, Маңғыстау, Жаңаөзен тұрағым.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Наша мова наша  Марк Мерман  (I Just) Died In Your Arms Tonight  Обнуляй минусовка  Muse New Born  Koshi tantan  Голубые 
О чем песня
Смерч a.k.a. Жакау - Ана Тiлiм Арым Бул?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен