Махаббат пен кедейлік [2014] [:.commahabbat__kz] (исполнитель: Ринат)

Роберт Бернс (Шотланд ақыны)

    Махаббат пен кедейлік

Махаббат пен кедейшілік мәңгілік,
Тұтқын етіп мені торға түсірді.
Махаббатым тұрса болды сән құрып,
Жоқшылықтың қайғы емесін түсіндім.
 
Тағдыр, тағдыр шынымен де қатал-ақ,
Бал сезімге бағыттаған мың жорық.
Жүр қаншама мәні кеткен махаббат,
Ауқаттылар ауласында құл болып.
 
Бедел, билік, байлық, арзан сый, құрмет,
Бақыт та оған орын бермес төрінен.
Өз-өздерін алдайтұғын сүйдім деп.
Қорқаулар мен надандардан жерінем.
 
Көрсоқырлар қоғамымен күресе,
Анау жарлы азғындыққа болды өгей.
Мырзалардан артық шыгар мың есе,
Қарапайым бақытымен сол кедей.
 
Тағдыр, тағы қаталдықты таныттың,
Мейірімнің несібесін беріп кем.
Бұл махаббат байлық пенен даңқтың,
Бақшасында гүлдейді екен неліктен?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Levon - Новая жизнь  Барысы да яхшы булыр  Ах телега ты моя Современная  Tokyo Ghoul OP Токийский монстр Токийский  Мы искали друг друга Алина и Радик Юльякшин  Через скорби и страданья  Ходячий труп John Rock x BrightStarr  Разлука серебряная свадьба 
О чем песня
Ринат - Махаббат пен кедейлік [2014] [:.commahabbat__kz]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен