Сүю жетпейдi (және БауырЖАН) (исполнитель: ZHan Bull)

[bad word] baiterek [bad word] zhan_bull

Өзіңсіз менің әлемім мағынасыз тыныштық...
Жүрегімде мұз, бірақ сезімдерім тым ыстық.
Жылатуды жек көрмеген зұлымдықта тыным бар ма?!
Мен кейін шегіне алмаймын айтылмаған сырым барда!

Көріппе едің көктемде жүрегімнен гүл шыққанын,
Маған, ұнайды сенің еркелікпен қырсыққаның.
Иірілген кірпігімнен көздеріңді ала қашып,
Жаутаңдап қарамашы көздеріме саған ғашық...

 Мінезіңді теңер едім бүршік атқан ғажап гүлге
Санамды жауладың менің шыны керек аз ақ күнде!
Денеме рахат сыйлаған сондай нәзік сенің кеудең
Бақытқа жеткізем сені, қолдарымнан ұста менің!

Жанымда болған кезіңде жылдам соғады жүрегім,
Сен бақытқа бөлегенде шексіз шынайы күлемін.
Елжіреген қабағыңнан төгіледі күн шуағы,
Жұдырықтай жүрегім саған ғана құлшынады.

қайырмасы:
Білмеймін өзіңменен қауышатын нақты күнді,
Жай ғана сүю жетпейді басу үшін аптығымды.

Сен менің өміріме өшпейтұғын нұр жақтың,
Сезімге жіпсіз байландым, білесің бе қымбаттым?!
Көздеріңнен мін таппадым жәудіреген мақпалдай.
Жанға бақыт жауса екен, талға қонған ақ қардай.

Білмеймін өзіңменен қауышатын нақты күнді,
Жай ғана сүю жетпейді басу үшін аптығымды.
Кеттің қолға ұсталмай, көктемдегі құстардай,
Жанымда жүрші, жалғызым, өмірімнен тыс қалмай.

Жүрегімнің дауасы жоқ жүйрік аттай сілкінген,
Тамшы жасың мен болайын кірпігіңде іркілген.
Әдемі әрі шырайлы, келбетің маған ұнайды,
Сол сұлулық өмірімнің жарты бөлігін құрайды.

Сыйлар ем аямастан қолдан келсе бар асылды,
Сүйкімді сұлу тұлғаң, өзіңе жарасымды.
Толқыған күй кешпеп ем ешқашан да жаным мұндай
Сүйемін сені ғана, қасымда бол сағындырмай!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Брат ты мне или  Если бы н знал  Ты словно весна  Деревня пелагея  В моих мыслях ты  Выключайте свет  Ноггано-кому как  Лягушачий джаз 
О чем песня
ZHan Bull - Сүю жетпейдi (және БауырЖАН)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен