Заман (исполнитель: Нұр - Мұқасан)

Әйелі ерге қараған заман,
Ер жігіт жерге қараған заман.
Шындықтың аулы тоналған заман,
Арманы журттың жоғалған заман.
Еңсесі елдің тұскен бір заман,
Өтті ғой бурын жаман да заман.
Қыркына шыдап қырық бірі қалған,
Сақтасын Алла пәледен аман.

Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай

Кеудеде ақ жоқ суалған заман,
Жанарлар жасы қуарған заман.
Әділдік іште түншыққан заман,
Көңілден мұңлы үн шыққан заман.
Асылды жасық билеген заман,
Ақылды надан илеген заман.
Құсадан жүрек жарылған заман,
Адамның пейлі тарылған заман.

Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай

Іргесі елдің бөлінген заман,
Адалдық торға ілінген заман.
Қулардың жолын оңдаған заман,
Арамның ісін қолдаған заман.
Өтті ғой небір тарихта заман,
Қара да хан да – жаксы да жаман,
Бәрін де бастан өткізген елім.
Түтіні тұзу болса екен аман.

Ел қамын ойлар ер аман болсын,
Қойнауы байлық жер аман болсын.
Тудырған талай жақсы мен жайсаң,
Батыр да дарқан ел аман болсын.

Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Әлди әлди әлди ай
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Boca Linda Radio Edit Morris  Лепс и слава не жди меня  Дадай Курбанакаев-аналар-балалар  Рецидив  Majdanek  Seagall  Tom boxer morena 
О чем песня
Нұр - Мұқасан - Заман?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен