"Қазақтарға жеңілдік,бар"демеген Құранда (исполнитель: Серік Қалиев)

Деуші едік: «қазақ емес «әу!» демеген», 
Не пайда иманы жоқ дәу денеден? 
Өтпестей көрінгенмен өмір шолақ, 
Тәуірсіп жүре бермей, тәубеңе кел. 

Толмайтын құлқыныңа тығын сал да, 
Көзді арбар дүниеге сұғың салма. 
Құдайдың құрығынан құтылмайсың, 
Сандыққа алтындатқан тығылсаң да. 

Шайтандарға сенгенсің, 
Нұрдан емес, жерденсің. 
Дәурен сүру емес, сен 
Сыналуға келгенсің. 

Бір-ақ тамшы судансың, 
Судан майда будансың. 
Көну үшін тағдырға, 
Өлу үшін туғансың. 

Сауық тілеп сұранба, 
Елікпе бос ұранға. 
«Қазақтарға жеңілдік, 
бар» демеген Құранда.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ай цвай драй  Я люблю твои губы я люблю твои  Deorro Lie  Про без ответную любовь  Karandaw titanik  Она черничная версия Рэм Дигга  Девочка моя Саро Варданян 
О чем песня
Серік Қалиев - "Қазақтарға жеңілдік,бар"демеген Құранда?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен