Сені коріп... (Нуркен Жанай) (исполнитель: Талгат САТЫБАЛДЫ)
Сені көріп – өткеннің сыздым бәрін, Сені көріп — мұңды еттiм Күздің бағын. Сені көріп — тек «Сен» деп жүргесiн бе, Түсіне алмай келемін қыздың жанын! Сені көріп — Ой алдым тереңдерден, Сені көріп — сырластым емендермен, Сені көріп — Мен қайта ғашық болдым, Мені іздеп, Сен бір күні келер деумен! Сені көріп — сезіндім Бақыт барын, Сені көріп — тез өтті Уақыттарым. Сені көріп — көңiлсiз Өлең жаздым, Көк Теңіздің, жиып ап жақұттарын! Сені көріп — сыр шерттiм тұнығымнан, Сені көріп — босандым кұлыбымнан! Сені көріп — «Кұдайға шүкір» — дедім, Сипай алмай, қалсам да бұрымыңнан! Сені көріп — тіледім тілектерді, Сені көріп — жүрегiм дiр еткендi. Сені көріп — кеудеме қонақтаған, «Сезiм» атты құсымды түлетпе ендi! Сені көріп — шырқадым Көктем әнiн, Сенi көрiп – сүйгенiм, Көкке мәлiм! Сенi көрiп — тұрайын, Сенi көрiп… Адастырып тағы да, кетпе жаным?!