Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Әлиф Ләм Ра. Міне бұлар, терең сырлы Құранның аяттары. (1)
Іштерінен бір кісіге: «Адамдарды қорқыт! Иман келтіргендерді Раббыларының қасында олар үшін жоғары орын барлығын сүйіншіле!»,- деп уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Шынында бұл ашық жады» деді. (2)
Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты түнде жаратты. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, істі басқарды. Оның рұқсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ. Міне Осы Алла, Раббыларың. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар! Сонда да түсінбейсіңдер ме? (3)
Біртұтас барар жерлерің сол тарап. Сондай-ақ Алланың уәдесі хақ. Күдіксіз Ол, бастап жаратады (Жоқтан бар етеді). Сонсоң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі күйзелтуші азап бар. (4)
Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді. (5)
Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар. (6)
Расында сондай бізге жолығуларын үміт етпегендер және дүние тіршілігіне мәз болып сонымен көңілдері жай тапқандар, міне солар, аяттарымыздан хабарсыз. (7)
Осылардың істеген күнәлары себепті орындары тозақ. (8)
Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің имандары себепті Раббылары, оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады. (9)
Олардың ондағы дұғалары: «Әй Алла! Пәксің» әрі олардың ондағы амандасулары: «Сәлем» және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббы, Аллаға тән!»,- деу болады. (10)
Егер Алла, адам баласының қайырды, асығыс тілегеніндей; жамандықты да тез берсе еді, әрине олардың ажалдары біткен болар еді. Алайда, бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып қоямыз да, қаңғыра береді. (11)
Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынмағандай-ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді. (12)
Расында сендерден бұрынғы дәуірдегілердің зұлымдық қылғандықтары және пайғамбарлары келтірген ашық дәлелдерге иман келтірмегендіктері үшін жоқ еттік. Осылайша күнәкар қауымға жаза береміз. (13)
Сонан кейін олардың артынан не істейтіндіктеріңді көру үшін жер жүзінде сендерді орындарына қойдық. (14)
Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ер
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Schokk - Vagabund  Fahmi мираж  99 зима  There is no fucking rules  Askim asklarindan bulasin  Мой мегаполис  Хабибчик  Mansour-Ayriliq 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен