Нұрлан Өнербаев - Ана туралы жыр (исполнитель: Аналарға арналады 8)

Ана туралы жыр

Сөзі Ғафу Қайырбековтікі
Әні Шәмші Қалдаяковтікі
 
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.

Қайырмасы

Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

Қайырмасы
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Пасмурная совм с Sapa  Спасибо папа за то что ты был  Sweet Talk Cyril Hahn Remix CUT Jessie Ware  Бункер 2012  Расул супиев  Нефтеград Не туда влез  Скачет по полям  Ковчег Иуды ft Раш Рем Дигга и Black Market 
О чем песня
Аналарға арналады 8 - Нұрлан Өнербаев - Ана туралы жыр?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен