Махаббат бекети (исполнитель: Жакау жане Диди)

Жақау:

Есіңде ме ескі фильм «Махаббат бекеті»
Есіңде ме екі ғашық, олардың мектебі
Олардың көктемі, бастарынан өткені,
Есіңде ме соңғы сөзім: «Жаным, күт мені!»
Есіңде ме Орал Гүлнәзіна ғашық болған
Екеуміздің оқиғамыз қатты ұқсайды соған
Енді сол фильмдегі кейіпкер Оралдаймын
Сенің бүгін тойың, ол күндерім оралмайды
Бірге болған, бірге ойнап, қыста тоңған
Қоштасатын сәттер үйге барар жолдан
Қайтемін енді тойың өтсің оңыңнан
Сол сәттерді қайтару келмейді қолымнан
Деген ойда отырғанда көзіме көзің түсті
Сол бойы мұңайғаным өртеп кетті ішті
Кім бізді түсінер қос жанардың үнсіз тілін
Біз бірге бола алмадық, айтшы енді кінәлі кім?
Мен бе? Бар сырымды айталмаған
Сенің тәтті есіміңді күндіз түні қайталаған
Күттім дейсің, күткенің осы ма еді?
Ия, білем кешірші, сен мені тосып едің
Әскерден ораларда баяғы сол кедергі
Әкең менен шешең адамдар білем беделді
Кешірші, сен маған бұйырмадың
Сәтсіздік өте шықты алдымнан құйындатып
Сен бүгін сұлусың, аққудай кербезсің
Өзің ұшқан ұяңа қайта ұшып келмессің
Сүйем, сүйдім, сүйе алмаймын одан әрі
Деген бойы тілек айтылды, жаным ұмыт бәрін!

Қайырмасы:

Қиялмай барамын, кеудемде нала мұң
Мөлдіреп жанарың, жаным
Қиялмай қарадың, тағдырдың талабын
Үнсіз қабылдағанмын

Диди:

Есімде оқу жылы кіріп келдің есік ашып
Есімде ақ бантик байлаған қос бұрым шашың
Мұғалім таныстырды атап сенің есіміңді
Сол кезден-ақ жаным, болдым бір өзіңе ғашық
Мен сені сағындым, сенесің бе?
Жатсам да, тұрсам да сен есімде
Амал қанша, бүгін сенің тойың
Шыныңды айтшы маған сен оны сүйесің бе?
Екеуміздің суретіміз ілулі тұр төрде
Алай да сен емес қасыңда бұл күнде
Өзіңді ойлауменен бөлендім мың түрге
Айтшы сәулем шынымен, сен мені күттің бе?
Сен алыстасың болса да жақын арақашық
Амал қанша алалмаймын тойыңнан алып қашып
Қолымнан келетіні дәл қазір тілек айту
Бақытты бол жаным, болсын деймін жолың ашық!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Амели амели  Garbage So Like A Rose  Баста песни  Три метра над уровнем неба 2  Gravenhurst nicole  Он мой лучший  Oh Darling  Жарко Холод 
О чем песня
Жакау жане Диди - Махаббат бекети?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен