Жолдау (исполнитель: Саги Хален)

САГИ ХАЛЕН – ЖОЛДАУ(INTRO)
Шумақ
Шыны керек таласпаймын, атақ даңққа мастанып
Тек қалауым жыр жүрегім, кетпесе екен ластанып
Мен жырлаймын, осы өмірдің, тек шындығын көзді ашып
Ал жүрекпен мені тыңда, қане бауыр бастадық
Біріншіден таныстырсам, деймін жұртқа өзімді
Зейін қойып тыңдап алғын, әрбір айтқан сөзімді
Ақжайықта қазақша рэп, дамытуды көздеген
Бірімін мен бауырыңмын, балғын жүрек төзімді
Қазақша рэп, қамын ойлап, жыр жазатын жастарға
Арналады бұл жолдау, жыр жазарда жасқанба
Қайдағы жоқ ойды қозғап, жалаң сөзді жазба сен,
Жазған жырың болсын көмек қиналғанмен сасқанға
Қиналғанға тіреу болып, медет болып жұбаныш
Жазған жырың, тыңдарманға әкелсін тек қуаныш
Ақжайықта «Қазақша Рэп» бетке ұстар кім десе
Жалын жырмен, келсең кел деп біз қасқая тұрамыз
Жыр жазыңдар ана жайлы, ғашықтарға арнау жаз
Қалсын жүрек мейірлене, жадырасын көңіл мәз
Отан жайлы жақсы іспен адамшылық туралы
Жазу керек осыларды, осы жайлы жырлар аз
Соныменен бауырларым келісіп бір алайық
Қалам ұстап ұтқыр оймен, жалынды жыр жазайық
Сонда біздер көтереміз, қазақша рэп деңгейін
Қазақша рэп мәртебесі болар сонда ұлан – ғайыр
Ақиқаттың ашып сырын, шындықтың сөзін жазғын
Күн күлімдеп төгіп нұрын, табиғаттың ашып сәнін
Адамшылық ар – намысты, жырларыңа арқау ете
Ұяты жоқ надандар, ұят – ардың татар дәмін
Жырлар жазғын елің жайлы, жерің міне дархан дала
Green Production орналасқан мәртебелі Орал қалам
Қазақша рэп қамын ойлап, үн жолдауға қосқан үлес
Мен қазақтың баласымын, ерен жырлы сөзім дара
Green Production тірек бола, жаңа кезең басталды
Жалаң сөзді рэперлерге, жырмен үндеу, ой тасталды
Қазақша рэп қамын ойлап жыр жазатын «шын ақындар»
Баға бергін бұл жырыма, дұрыстап көргін бұл таспаны
Әрқашанда болып ашық қазағымның көк аспаны
Жолатпайық жалаңдармен, көз алартқан қас дұшпанды
Патриоттық сезімдермен, отан сүйгіш қасиетпен,
Жастар жазсын жалынды жыр, батырлық ол, ел дастаны
Сыйлар сонда, бұл адам деп, шын жүрекпен дана халық
Адамшылық ар – намысты біздер жүрміз жырға салып
Жүрегің теңіз, арың таза, адамшылық болса ісің,
Қолдан бермей бол алғашқы, ар – намыспен топты жарып

Қайырмасы
ҚАЗАҚША РЭП – ЖҮРЕКТІ СЕНДІР
ҚАЗАҚША РЭП – ТЫҢДАУҒА ЖЕҢІЛ
ҚАЗАҚША РЭП – ШАЛҚЫСЫН КӨҢІЛ
ҚАЗАҚША РЭП – БҰЛ БІЗДІҢ ӨМІР ...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Киш добрые люди  Czar ангел  Одинокая Женщина ApriCot  ATB ft NERRA Ramona - Never Give Up Радио ENERGY  Be The One Danny Elfman  Хор Петра и Павла  Подруга любимая 
О чем песня
Саги Хален - Жолдау?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен