Мен елімнін патриоты (исполнитель: Саги Хален)

САГИ ХАЛЕН – МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫ
Қайырмасы
Мен қазақ баласымын мен елімнің патриоты
Жүрегімде жанып жатыр лапылдап намыс оты
Әлі де көрсетеміз, әлі де сіз көресіз
Мен қазақпын мен елімнің патриоты
Шумақ 1
Елім менің Қазақстан, көк байрағы желбіреген
Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Халықпыз қаһарман, намыстан жаралған
Азаттық жолында жалындап жаныппыз
Талай көтеріліс, соғысты бастан кештік біз
Солардың бәрінен иә, мүдірмей өттік біз
Бәрінде көрдік біз, қазірге жеттік біз
Тозақтың өзінен де, аман сау қалыппыз
Дегенмен бүгінмен өкпелеп налыдым
Қазақ тілде сөйлемейді, кейбір құрдас бауырым
Еліктейді өзге ұлтқа, сөйлеп соның тілінде
Қазақ тілді, шаңға көміп әкеліп сұм дауылын
Ұлы Абай сөйлеп өткен қазақ тілім,
Тілім үшін құрбан менің, құрбан менің жан тәнім
Көтерелік қане, мәртебесін туған тілдің
Шын жүрекпен тек осыны, мен халқымнан сұрадым
Қазақ қаны менің бойымда ағып жатыр
Мен сүйемін өз елімді, сол ғо менің күш қуатым
Дос болғанға құшағымыз ашық біздің
Қас болғанға қиып түсер қылышымыз дайын
Қайырмасы
Мен қазақ баласымын мен елімнің патриоты
Жүрегімде жанып жатыр лапылдап намыс оты
Әлі де көрсетеміз, әлі де сіз көресіз
Мен қазақпын мен елімнің патриоты
Шумақ 2
Әрине бұл әркімнің, өз шаруасы болар,
Әрине әркім өз басын ойлар
Бәлкім айтарсың, ақын дейтін бұл кім тағы
Онда қане айтыңдаршы, қайда нағыз ақындарың
Шындықты жырлайтын, қандай заман болсада
Әлде саған маңыздысы қалтаң ғана толсама
Бұл жырым арналады, қалың елім халқыма
Елім үшін дайынмын сайтанменде достасуға
Тек мақсатым бір, бір болып жұмылып
Бір түйін мәселені, шешуге ұмтылып
Көтеріп, көрсетіп, баршаға үлгі боп,
Үлкенге құрмет, әрине кішіге ізет
Уақыт келді халқым, қалың қазақ оянар
Алыс емес күн, бүкіл әдем мойындар
Бұл тек басы ғана, әрі қарай жалғасы бар
Әзірге тек, осыларға тоқталдым
Айту парыз осыларды, жырға қосып жырладым
Дәл қазіргі қазақ тілдің хәлі нашар боп тұрғанын
Мен қазақпын, тілім қазақ азат менің ұраным
Биік болсын туған тілім өркендесін нұр бағың
Қайырмасы
Мен қазақ баласымын мен елімнің патриоты
Жүрегімде жанып жатыр лапылдап намыс оты
Әлі де көрсетеміз, әлі де сіз көресіз
Мен қазақпын мен елімнің патриоты
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Капли год змеи  Восточный округ- мама хочет внуков  8 стрел  КМ Сто шагов назад Инструментальная музыка  Девятка Basic ft guf  Элли-Бэлли итер бу 
О чем песня
Саги Хален - Мен елімнін патриоты?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен