Акжайыгым (исполнитель: Саги Хален)

САГИ ХАЛЕН – АҚЖАЙЫҒЫМ (feat. АЙБАР САПЫШ)
Шумақ 1
400  жылдық тарихы бар, Орал деген көне қала,
Осында туған, талай батыр, талай дана
1584-те  іргетасы қаланды,
Содан бері халқым менің көркейтуде қаламды.
Құрманғазы, Дәулеткерей қазақ үшін жырлаған,
Исатай мен Махамбеттер осы жерді қорғаған
Бөкей хандай ұлы жандар, біріктіріп ел халқын,
Болашаққа бастау салды, сақтап қалып ел салтын.
Дәстүрлері ескірмеген, сол қалпында сақталған,
Ұрпақ қамын ойлаған, бабалармен мақтанам
Елі үшін, жері үшін нық көтерген «Алаш» туын,
Арыстардың салған ізін кейінгі ұрпақ жалғастырған.
Ұлан – ғайыр далам менің кеңістікке созылған
Елін, жерін көркейтуге барша қазақ жұмылған,
Туған жердің құдіреті , әр жүректе жазылған
Ақжайықтың қасиетін мақтанышпен ән қылам!
Қайырмасы:
Менің мекенім туған жерім ақжайығым,
Өзіңді мәңгі, жүрегімде сақтаймын
Өзіңе арнаймын, жырлаймын туған елім,
Алыс кетсем шалғай,сағынып мен жүрем.
Менің мекенім туған жерім ақжайығым,
Өзіңді мәңгі, жүрегімде сақтаймын
Өзіңе арнаймын, жырлаймын туған елім,
Алыс кетсем шалғай, еске алып жүрем!
Шумақ 2
Күннен күнге өсуде, менің жасыл қалам,
Алыс кетсем бір сәтке, бір өзіңді сағынам
Сенің табиғатыңды, сенің самал желіңді,
Жайықтың жағасында орналасқан елімді.
Мен үшін қымбат, және бәрі есімде,
Саябақтың ішінде, жаздың салқын кешінде
Дос – жараңның арасында, ойын – сауық күлкімен,
Үлкен – кіші жүретін, бақыт деген сезіммен.
Орындалып армандар, ғашық жандар қол ұстасып,
Қазіргі кез бейбітшілік, өзге ұлтқа құшақ ашық
Бес саусақтай жұмылып, тату тәтті тұрамыз,
Биік біздің әрқашан, туымыз бен ұранымыз.
Осы күнге жеткізген, бабаларға мың алғыс,
Оларда риза болар, осы күнгі ұрпағымен
Мен үшін қымбатсың,   менің елім,
Менің мекенім «Ақжайығым» туған жерім!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Сирунес  Misstress Barbara  Miyano Mamoru break a road  Miyavi - mata yume  У бога нет нации  Dap step kill me  Sona shahgeldyan im ser  Shahzoda-Люблю тебя 
О чем песня
Саги Хален - Акжайыгым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен