Мейірімді болайықшы бауырлар (исполнитель: Курмаш Маханов)

Серик Қалиев

 Көктем етіп көркейтсе де маңайын, 
 Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, 
 Өшігуді қояйықшы өзгеге, 
 Кешірімді болайықшы, ағайын! 

 Көк нөсерін көл етсе де жауындар, 
 Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, 
 Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, 
 Мейірімді болайықшы, бауырлар! 

 Болашаққа қол ұстасып барайық, 
 Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, 
 Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, 
 Кішіпейіл болайықшы, халайық! 

 Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, 
 Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, 
 Өзімізге қалайтұғын нәрсені, 
 Тілейікші өзгеге де болса деп. 

 Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, 
 Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, 
 Қаратайық Қыбылаға жүздерді, 
 Таратайық адамзатқа жылылық!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ricky Martin La Copa De La Vida  Триумф  Rammstein - Hilf Mir  Lady rosenred  Distemper Снеговички  Вплети  Кнопочки 
О чем песня
Курмаш Маханов - Мейірімді болайықшы бауырлар?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен