Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
I Орандым өзіңді ойлап жан алауға Сан қырлы сағынышым аралауда Теңізін тәуекелдің кешсем бе екен Сен жүрген жету үшін жағалауға Қайырмасы: Табайын жолын қалай Ұмытамын бәрін де оңай Жаным қалай Жүректің бағынамын қалауына Бұйрығын ақылымның орындамай Орындамай II Мүмкін мен бір үмітпен күн кешермін Сағыныш самалымен бірге есермін Кездесіп қалсам егер бір күндері Үндемей жанарыңмен тілдесермін Қайырмасы: III Көз жұмып еріксізден бәріне біз Алдамшы бақыт келер әлі де жүз Бәрібір боп қаламыз сен екеуіміз Ғашықтар әні де егіз, жаны да егіз