Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.

Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, 
қасындамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық, - барлығы менің үшін
Сенің, бір кеп мойныма асылғаның.

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
Не дейсің сен бұртиып, айтшы сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?

...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Jack Johnson Hope  Jack Johnson Angel  Jack Johnson If I Had Eyes  Jack Johnson Same Girl  Jack Johnson What You Thought You Need  Jack Johnson Monsoon  Jack Johnson Losing Keys  Jack Johnson Upside Down 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен